Page 181 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 181
Мойындап, әлденеден басылғандай.
— Шырағым, мың асқынға бір тосқын боп,
Шахтада жүрмін күрек күрей алмай.
Жұмысқа колхозымда шебер едім,
Кереметі бар еді мұның қандай?
Забойшы деді күліп:
— Әдіс білсең,
Болады шахтаның да жұмысы оңай!
Бола ма топас пенен шебер бірдей!
Келіпсіз осы жағын сіз түсінбей!
Шалғыңды шыңдамасаң, жанымасаң,
Қалмай ма шалғың да өтпей, қолың жүрмей?
Орғанда бидайыңды дестелейсің,
Ықшамдап бау қып байлап кестелейсің.
Қырманға дейін дәні үгілед деп,
Ептейсің, ат үстінен істемейсің.
Арбаға, шанаға да шөп тиесең,
Аз-ақ шөп сатқызар ең жөн білмесең.
Колхоз, совхоз, шахтаның жұмысына —
Бәріне әдіс керек біле білсең.
Ауылда күшті аталған жігіт болсаң,
Колхоздың жұмысына түсінгенсің,
Шахтада жүрсің күрек күрей алмай,
Тыңдаңыз үйреткенді ызаланбай.
Бұл көмір жалаң күшке күрелмейді,
Қырманда қызылдаған бидайыңдай.
Қай жер болса, сол жерден көсуіңе
Тас көмір қорда емес жатқан оңай.
Көмір мен жер бетінің жапсарынан
Күресең бөгелмейді күрек олай.
Қайланы кетпен-шотша сілтедіңіз.
Көмірді қопарам деп қи ойғандай.
Забойды бет алдыңа шапқылама,
Үйренсең әдісі көп талай-талай.
Жігі бар көмірдің де байқасаңыз,
Дәлдеп ұр жікке қайла қолды аудармай,
Қолыңыз ұрған жерден ауып тисе,
Шетінен ғана сынар омырылмай.
Мұзды ойып колхозыңда көріп пе едің?
Ойлашы, оюшы едің оны қалай?
Сүйменді жарығына ұрмаушы ма ең?
Ендеше есте болсын, бұл да солай!
Осы айтқан забойшының ақыл сөзін
Құрбантай болды енді ұғынғандай.
Күректі бұдан былай күреп еді,
Іс енді забойшының айтқанындай.
Етектей енділігі қуыс күрек,
Баһадүр бұлшық етті сом қос білек,