Page 179 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 179

Ит-құсқа  таң  тартқызбад  кірпік   қақпай.
                       Егін  сап,  шалғы  сілтеп  шөп  шапқанда,
                       Нормадан   арта  істеді  күн-түн  жатпай.
                       Тасыды   Қарағанды   кені   қайнап,
                       Әрі   ұйтқы,  әрі  жеміс  боп  балқаймақ,
                       Сұрапыл   Отан  қорғау  соғысының
                       Жабдығын    жасағанда  алтын  аймақ.
                       Көмірді  көбейтуге   Құрбантайды
                       Шахтаға   жіберді  ауылы  таңдап  сайлап,
                       Жиылған   қошаметтеп   көп  жамағат,
                       Шахтерге  лайық   деп  біткен   қайрат.




                       Құрбантай   ерлік  істі  жүрген  күтіп,
                       Шахтаға  жымың  қағып   келді  жетіп.
                       Көмір  трест  бастығы  жаңа  адамға
                       Жұмыстың    жайын  айтты,   құрмет  тұтып.
                       —  Шахтаның   іші  сағаң  ауыр  тиер,
                       Қыр  жұмысын    істе, — деді  ақыл  етіп,
                       Құрбантай  бұл  сөзіне  намыстанды:
                       —  Жеңгенмін   нелер   қыспақ   қарысқанды,
                       Шахтаға  түсе  алмайтын  мен  кім  едім,
                       Мысыққа   теңемейсін  арыстанды...
                       —  Жібердім,  — деді  бастық, —тілегіне,
                       Ырзамын   ер  талантты  жүрегіңе!
                       Үйрет,  деп,  істің  жайын  Құрбантайға,
                       Тапсырды   забойшының   біреуіне.
                       Құрбантай  іштен  тынды,  шықпай  демі
                       —  Бұл  маған  үйретед,  — деп,  — неменені?
                       Колхозда   қайла-күрек  көрмеппін  бе,
                       Білмейд  деп  ұйғарды  ма  ештеңені?
                       Қайла-күрек  бер  дағы,  шахтаңа  апар,
                       Борандай   боратайын   көміріңді...
                       Мынау  бір   қырдағы  асау  адам  ғой  деп,
                       Забойшы   ертіп  алып  жүре  берді.
                       Жөнелді  жер  астына  төмен  қарай,
                       Құлдилап   жүрген  сайын  іші  сарай.
                       Шамдары    табан  жолын  жарқыратар,
                       Қараңғы,  көрінбейді  жақын  маңай.
                       Забойшы   түбіне  әкеп  забойының:
                       —  Көмірді  борат,  деді,  —  ал,   Құрбантай!
                       Құрбантай   біраз  мең-зең  басы  айналып,
                       Қарады   жан-жағына   көзін  салып,
                       Қатпарлы   кара  жартас  бәрі  көмір
                       Төбесі,   қабырғасы  тұтасталып.
                       Көрген  соң  бұл  байлықты   қуанғандай,
                       Бар  ма  деп  басқа  заттар  әлде  қандай,
                       Әр  жерін  сом  жартастың  шұқылап  жүр,
   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184