Page 180 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 180
Өз көзіне дәл өзі нанбағандай...
Көмірді күрекшілер күреді енді,
Қауғалап рештакқа су құйғандай.
Бұл жігіт те күремек болды оны
Қырманда қызылдаған бидайындай.
Тездете қимылдады Құрмантай да,
Кейде ірі ілігеді, кейде майда.
Тіреле берді күрек, титықтатты,
Қаншама күштесе де болмай пайда.
Тер ақты самайынан тарам-тарам,
Су болып, су бұрқырап жауырынынан,
Күйбеңдеп, күрегені өнімсіз боп,
Бәрінен күрекшінің кейін қалған.
Келер күн тағы істеді, тағы солай,
Көп еңбек, қайрат босқа кетіп талай,
Күшімді қайла бөгеп тоқтатпас деп,
Күректі лақтырып, шапты забой.
Тістеніп, қайламенен көмірді ұрды,
Намыскер білдірмей жүр ішкі сырды.
Шақ етіп, тұрды қайла ұшы аз батып,
Асықтай ғана көмір зорға сынды.
Забойшы жақын келіп деді:
— Ағай!
Ешқашан шабалмайсын бүйтіп забой.
Құрбантай бұл сөзге морт құлағандай
Айт деді:
— Шабу керек енді қалай?
— Забойдың екі басын кесе шапсаң,
Құлайды орта босап, болады оңай.
Забойшы осыны айтып жүріп кетті,
Жұмысым бөгелед, — деп, көп тұра алмай....
Құрбантай қабырғаға оқшау барып,
Қайланы соқты, ешкімнен жөн сұрамай,
Дал-дал ғып қабырғаны құлатқанда,
Десятник келіп айтты:
— Мұның қалай?
Осынша көп жұмысты бүлдіріпсің,
Мал емес, адамсың ғой сен, Құрбантай!
Құлаттың қабырғаны тіреп тұрған,
Төбесі тұра ма енді ол құламай?
Десятник дегбір бермей қуды ол жерден,
Көзіме көрінбе деп, кет жоламай!
Құрбантай аң-таң болып отырды бос,
Болды-ау, деп мұның бәрі маған «құдай».
Бәрі де менен күшті, менен білгіш,
Мен жүрдім бірі ғұрлы істей алмай,
Өзімнің колхозыма жетсем-ау деп,
Ұйықтамай шықты бір түн ойлай-ойлай.
Келді ертең кеңескелі жолдасына,