Page 178 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 178

Аузыма  менің  сөз  келіп,
                       Жаһан   кезіп  зар  еңіреп,
                       Көп  көніп  көне  тоздырдым.
                       Халқым   өлмей  өлмедім,
                       Кегімді  қолдан  бермедім,
                       Октябрьден   қуат  ап,
                       Зар  заманды  оздырдым.
                       Қайта  жасап,  тіл  бітіп,
                       Сөз  асылын  қоздырдым.
                       Ауылдан   асып  бармаған,
                       Үйден  шықпай  сарнаған,
                       Бітелген  талып  даусымды
                       Арқадан  әрі  оздырдым.
                       Ғасыр  бойы   қамалған
                       Қапастан  шыққан   бұлбұлдай
                       Асқар  тауы  өлеңнің
                       Туды  атасы  Жамбылдай.
                       Әрбір  сөзі  байларға
                       Болып   өткен  жасылдай,
                       Үнін   қосты  Жамбылға
                       Нұрпейіс,  Кенен,  Орынбай.
                       Өткен  күнде  байларға
                       Қарсы  тұрған  бас  ұрмай.
                       Бірге  шапты  солармен
                       Арқадан  Доскей,  Шашубай,
                       Әрбір  сөзі  жауызға,
                       Ащы   тиген   қамшыдай.
                       Сақпанның   саға  тасындай
                       Шын   өмірге  кеп  жеткен,
                       Қап  түбіне  сақталған
                       Болат  кездік  асылдай,
                       Көрген  соң  бүгін   ұжмақты,
                       Отырам   қалай  тасымай?!
                       Жерім—қ азна,   елім  —  бай,
                       Көрдім  өмір  ұшпағын,
                       Өнерді  билеп  әкетті,
                       Қала  түгіл,   қыстағым...







                         ЖАҢА   ШАХТЕР  —  ҚҰРБАНТАЙ 190
                    Құрбантай   таза  әуеде  ауылда  өсті,
                    Жаңа   ауыл  — колхоз  болған  қауымда  өсті.
                    Намыскер,   ер  көкірек,  сертке  берік,
                    Колхозда  жігіт  болды  аршын  төсті.
                    Мал   бақса,  малды  өсірді  шығындатпай,
   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183