Page 177 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 177

Қызыл   тіл  қайтып  қаласың?!
                              Он  жыл  толды  алып  боп,
                              Аталғаны   кеніме.
                              «Жерұйық»    болып  орнады
                              Арқаның   кең  жеріне.
                              Құт  болып   қонып   қолыма,
                              Ырыс   кірді  еліме.
                              Иран   бағы  орнады,
                              Кешегі  тақыр  шөліме.
                              Нұраның   суы  жайылып,
                              Айналды   аққу  көліне,
                              Қарағанды   орнады
                              Қазақстан  төріне.
                              Он  алты  отау  одақтың
                              Айналды   уыз  төліне.
                              Қарағанды   көмірі
                              Алтын   емей  немене?
                              Ырыс   бітіп  байытты,
                              Халқың   демей  немене?
                              Қайта  жасап   сайратты,
                              Қартың   демей  немене?
                              Ғасырлар   таңы  атпаған
                              Адам  жүріп  баспаған,
                              Арқаның   кең  даласы
                              Босағасын   күмістеп,
                              Маңдайшасын     алтындап,
                              Отан  үшін,  ел  үшін
                              Алтын,  астау,  бесігін,
                              Ақтарып   кеннің  есігін
                              Ашты   демей  немене?
                              Ойды   толқып  кернеген,
                              Жанды   оятып  тербеген,
                              Көкке   құлаш  сермеген,
                              Күнге  бағып  өрлеген,
                              Өсуден  басқа  білмеген,
                              Бақыттан   басқа  көрмеген,
                              Өмірі   ұшпақ  шадман
                              Осындай   болат  ел  деген...
                              Осындай   болды  жер  деген.
                               Осы  өмірге  жетем  деп
                              Талай  жандар   шөлдеген.
                              Мұндай   күйді  тарихтан
                              Естіп  адам  көрмеген.
                              Тоқтата  алмас  ешбір  күш,
                              Алдынан   шығып   көлденең.
                              Он  жасымнан   ел  кезіп,
                              Ел  ызасын  мен  көріп,
                              Шыдамнан    шығып,   сорғалар
   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182