Page 176 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 176

Үздіксіз  озып  бәйгі  алған.
                         Біреуі—күн,  бірі—ай,
                         Бекбосын   мен  Түсіптің
                         Замандасым   әкесі
                         Күзембай   мен  Сиқымбай.
                         Көзім  көрген  олардың
                         Болғанын   байға   құл-малай...
                         Сол  малайдың   ұлдары,
                         Ардақталды   ардадай.
                         Қаршығадай    зымырап,
                         Алатын  жері  тым   ұзақ,
                         Аспанға   ұшып  бұлт   құшып,
                         Самолет  болды  сұңқарым,
                         Дөңгеленіп   құйындай,
                         Құлдырай   шауып   құлындай,
                         Автомобиль   шарлады,
                         Арқаның   кең  даласын,
                         Аспан  көкпен  таласқан,
                         Сән-салтанат  жарасқан
                         Он   қабат  үйлер  жайнатты
                         Қарағанды   қаласын.
                         Көшелері  көк  мұздай,
                         Электр  шамы   жұлдыздай,
                         Гүл  бәйшешек  көшесі
                         Жайнаған   жанып   құндыздай,
                         Жүріп  өтсең  ішінен,
                         Жаныңа   жай  табасың,
                         Шүмектер   тартып  Нұрадан
                         Пантандап*   атқан  бұрасаң,
                         Күміс  салқын  суынан
                         Жұтып   мейірің   қанасың.
                         Жапырағы    сылдырлап,
                         Көкке  өрлей  өсіп   құлдырап,
                         Зәулім  биік  жас  ағаш
                         Түсірген  жерге  саясын.
                         Радио  күй  салған,
                         Шығасын   тыңдап   құмардан,
                         Театр,  кино  бір   қызық,
                         Кәрі,  жасың   қыдырып,
                         Үлгі  алуға  барасың.
                         Мектебі  бар  оқыса,
                         Үйінде  оқу,  лекция,
                         Талай  білім  аласың...
                         Өмірге  қожа,  сөзге  ие
                         Алды-арты   мүлік  дүние,
                         Мұқтажсыз   етіп,  мұңсыз  қып
                         Өсірген  өрім  баласын.
                         Өмірді  мұндай  жырламай.
          *  Пантан—фонтан  деген  сөз.
       1 2 - 1 3 8                     177
   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181