Page 175 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 175
Мүгедек едім жасымда.
Сөз бен тіл еркін тимеген,
Ол күндегі ақынға.
Шөже менен Шортанбай,
Кемпірбай, Түбек, Ыбырай
Палуан шолақ, Орынбай,
Ақансері, ол Абай
«Құлазыды жерім», — деп
«Суалды шалқар көлім»,— деп
Көшетін күнін жел біліп,
Қонатын жерін сай біліп,
«Еріктен кетті елім», — деп
Үйде жатса күңреніп,
Далаға шықса зарланып,
Жалындата үн төгіп,
Жай күйзелте күй төгіп,
Дала кезіп шарлаған,
Үні алысқа бармаған,
Өйткені ол зар заман —
Түлкі болып алдаған,
Абжылан боп арбаған,
Жалмауыз боп жалмаған,
Көзсіз бәле қармаған
Сондықтан ғасыр, ғасырлар
Талауында жатқан ел
Лағнат айтып қарғаған.
Ғасырлар бойы сарнаған,
Арқа баққа жолықты,
Шөл дала гүл боп құлпырып,
Ен байлыққа молықты,
Салтанат пен сәнменен
Түзеді халқым қонысты.
Алтыннан қала салдырып,
Шам шырағын жандырып,
Ішсе — шәрбат, жесе — бал
Мейіріңді қандырып,
Қарағанды толысты.
Нұраның бойын нұр бөлеп,
Тасқындады селді ну,
Суында жүзіп балықтар
Беті толған қаз бен қу.
Кең өрісі малға жай,
Айналасы ен тоғай,
Қайың менен қарағай,
Нұраның бойын өрлеген,
Қарағанды кені бай,
Атақты, даңқты ұл, қызым,
Біреу емес, бірталай.