Page 13 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 13
Өздерін мол пайдаға белшесінен батырған халыққа «сыйлық» ре-
тінде капиталистер «... адам айтқысыз күйзелісті, қайыршылықты,
аштық ажалды,...» 15 ғана ұсынды. Бұл жағдай қ азақ еңбекшілері-
нің қанаушыларға қарсылығын өршітпей қоймайды. Оқтын-оқтын
қарсылық білдіріп, ереуіл жасап, тұрмыстарын жақсарту туралы
талаптар қойып отырады.
1905 жылғы 9 январьда Петербургте жазықсыз жұмысшылар-
дың қанға боялуы естіген жанды түршіктірді, «...бірақ ол бүкіл
Россияның барлық пролетариатының ой-ниетін революцияшылдан-
16
дырды» , оның әсер-ықпалы қ азақ даласына да келіп жетті.
Қанды жексенбі оқиғасының ізінше РСДЖП-ның Шығыс ау-
дандық комитеті «Мұсылмандарға» деген прокламация шығарды.
Онда «9 январьда Петроградтың 140 мың жұмысшысы ереуіл жа-
риялап, үкіметтен өздерінің және бүкіл халықтың тұрмыс жағдай-
ын жақсартуды талап еткенін, жексұрын қожайындарын құртып
жібергенін, бәлкім, сіздер естіген де боларсыздар. Солардан үлгі
ала отырып... Россияның барлық халықтарының жұмысшылары
ереуіл жасап, осы талапты қойып отыр, ал сіздер, жұмысшы мұ-
сылмандар, жұмысты тастаңдар, орыс жұмысшыларына қосылың-
дар, өздерің жұмыс істеп жатқан жерде осындай талаптар қойың-
дар!» 17 — деген жалынды шақыру сөздер айтылды. Осы сияқты
жұмысшы табын капитализмге қарсы келіспес күреске шақырған
партияның үндеуі мен идеясын Орталық Россиядан келген алдың-
ғы қатарлы революцияшыл орыс жұмысшылары Қарағанды еңбек-
шілеріне де жеткізіп жатты. Архивтік материалдарға қарағанда
1905 жылы Успенскі руднигінде орыс, қ азақ жұмысшыларының
одағын ұйымдастырушы Топорнин де партия нұсқауымен келген
18
адамға ұқсайды . 9 январь оқиғасынан кейін патша үкіметіне ыза-
кегі ұлғая түскен қ азақ жұмысшылары партияның шақыруына үн
қосты, орыс жұмысшыларымен одақтасып, олардың соңынан ерді.
Сөйтіп, бұл дәуірде Қазақстанда да алдыңғы қатарлы жұмысшы-
лар капиталистермен ойдағыдай күресу үшін ұйым керек екендігін
ұғына бастады, яғни жұмысшы ұйымдары шыға бастады.
Патша үкіметімен жергілікті қ азақ байларына, шетел капита-
листеріне қарсы бағытталған орыс және қ азақ жұмысшыларының
Қазақстанда тұңғыш одағы 1905 жылы Қарағандының Успенскі руд-
нигінде құрылды. Бұл одақ орыс, қ азақ жұмысшыларын капита-
листік қанауға қарсы күреске шақырды. Ереуіл болардан бірнеше
күн бұрын рудник жұмысшылары рудниктің барлық қызметкерле-
ріне қарындашпен жазылған үндеу-хат таратты. Хатта: «Біз, Ус-
пенскі руднигінің жұмысшылары, капитализмге қарсы, жалақы-
мызды молайттыру туралы орыс-қырғыз одағын құрамыз. Бұған
15 В. И. Л е н и н . Шығармалар, 16-том, 340-бет.
16 В. И. Л е н и н. Шығармалар, 9-том, 139-бет.
17 ЦАОР, полиция департаментінің фондасы, 5 іс, 28-бөлімі. 1905, 39 п.
18
1905— 1907 жылдардағы Қазақстандағы революциялық қозғалыс, Архив-
тік документтер жинағы, Алматы. 1955, 134-бет.