Page 174 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 174
Шынығып, әбден пісіп, қайнап көндім.
Жан сақтап, жан таласып сұм заманда
Қайраттың арқасымен өлмеп едім.
Он бесте шахта астына түскенімде,
Көргенде қуанғамын көмір кенін.
Таусылмас маған азық сенсің-ау деп,
Аянбай құлашымды сермегенмін,
Сонда да сұрқиялар мандытбады,
Өлместей ғана болып нанды жедім.
Шыдатпай шұнақ тамақ жан ұшыртты,
Сондағы жас қайратым кетті тегін.
Партия, үкіметтің арқасында
Жігіттей жиырмадағы болдым бүгін.
Ардақтап үкіметім бағалады,
Жемісін жедім тәтті еңбегімнің.
Шахтамда стахановшы, ең маңдаймын,
Жарыссам алға шығам жан салмаймын.
Қайраттың, тәрбиенің арқасында
Қарқынды қаруымнан мен танбаймын.
Жетпіс жас ең жетілген кезім болды,
Дәуірінде советтік аршындаймын.
Нормама норма қосып асырамын,
Әлі де міндетімді орындаймын.
Көзіме көзі түсіп күлімсіреп
«Кеше ондай болсам, бүгін мұндай»
Лениндік қасиетті алтын орден
Кеудеде жарқылдады айғақтайын.
СЕНДЕ ТУЫП, СЕНДЕ ӨСТІМ 189
Доскей тоқсан жасында,
Қара алтынның қасында,
Қайта туып жасардым...
Байлықтың көзі Арқаның,
Көмірі мен тасында,
Табылып жатыр асыл зат:
Жез, қола, күміс, алтын да.
Ебелек едім ертеде,
Ерік болмаған басымда,
Қызыл табан атанғам,
Ер тимеген тақымға.
Көремін деген мұндай күн,
Кіріп пе еді ақылға,
Айта алмадым жыр қылып,