Page 173 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 173

Құрылысы,   өндірісі,  ауыл,   қала
                        Кетердей  етті  мәңгі  беріктігін.
                        Сапарлы   іс,  табанды  еңбек  табысы  тасып,
                        Әлемге  айқындады   мәңгілігін.
                        Көмірге  күшін  салып  алып  ерен,
                        Аршындап    социалистік  жарыспенен
                        Жарыста  қатарының    болды  алдында
                        Шапшаңдық  қажыр,     қайрат  әдістермен.
                        Елгезек,  лып  етпелі,  тағайынды
                        Ыңғайлы   жөн  табуға  жаңа  мерген.
                        Өзіндей  стахановшы  етті  талай
                        Тартқандай   тақымға  сап  шылбырменен.
                        Бір  жүрген  жолдастар  да  көп  бәйгі  алды,
                        Үлгі  алып   қалмай  істеп  өзіменен.
                        Өзі  алды  талай  бәйгі,  талай  сыйды,
                        Отанға  сіңірген  (көп)  ісіменен.





                        Кировтың   шахтасынан  келе  жаттым,
                        Сәулетті  көрдім  үйін  шеткі  жақтың,
                        Айнала   әсемдетіп,  шарбақталған
                        Ерекше   бір  жақсы  үйге  келіп   қаппын.
                        Таңырқап   кімдікі  деп   қарап  едім,
                        Бекбосын  алдымда   тұр,  сәлем  бердім.
                        Қолымды  қысып  ұстап  жіберместен,
                        Есігін  ашты,  өзімен  бірге  кірдім.
                        Жылынып    амандасты   нұрлы  түсі,
                        Жайнап   тұр  жанаттай  боп  үйдің  іші.
                        Отырдым   жұмсақ   мамық  орындыққа,
                        Шыққысы    келер  емес  кірген  кісі.
                        Ән  шырқап   радио,  патефоны,
                        Жүктей   тұр  газет-журнал,  стол  толы.
                        Бар  екен  бес  бөлмелі  үй  бір  өзінде
                        Бақшадай   тамылжып   тұр  жатар  орны.
                        Аққудай   алма  мойын  Бәтен  жары
                        Жас  түскен  келіншектей  нұрлы  ажары.
                        Әзілі  құрметімен  жүректі  ерітті
                        Дегені   ұшып  тұрып,  кел  жоғары.
                        Бір  жаста  Жанат  бөбек  үлпершектей,
                        Қарасаң  өзі  де  өңді  келіншектей,
                        Жағдайы   заманына  сай  болғандай,
                        Жарасқан   май  айында  шыққан  көктей.
                        Ағай  айтты:  тетелес  өскен  інім,
                        Білмессің  көп   қорлықта  өтті  күнім,
                        Жасымда   әке-шешемді  өлтірді  бай
                        Тектен-тек   қартайғанша  жеп  еңбегін.
                        Тек  мақтан  емес  інім  сен  де  көрдің,
   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178