Page 172 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 172

Жанында    Үйрекұлы   жақын   сырлас.
                     Тіл   қатпай   қайланы   ұстап,  күшін  тежеп,
                      Көмірге  соқты  нықтап  бойын  безеп,
                      Қайысты  жездей  жұмсап   қабырғасы
                      Көмірдің  аша  алмады  жігін  жіктеп.
                      Үйренді  тапты  жігін,  білді  әдісін
                      Айдан  соң  арыстандай  құрыш  білек.
                     Қадалды   таймай   қайла  сағалана,
                     Жон   болып  көмір  қалды  сұлап,  көлбеп.
                      Сол  күнде-ақ  жолдастары  таңырқаған,
                      Тұлғалы  күш  атасы  деп  керемет.
                      Ерте  орнап  денесіне  лайық  күш
                      Он  беске  он  төрт  асып  жасы  кеп  ед.
                      Жігерлі  жігіт  болып  толған  сайын
                      Өзгеден  өнері  артық   қайратты  ер  ед.
                      Жасынан   Қарағанды   кен  тамырын
                      Жебе  сауған  желіндей  түптеп  тербеп,
                      Көмірмен  көп  күресті  бір  күн  тынбай
                      Шыдады   қиындыққа   көрсе   қандай.
                      Ақысы  бір  күнінің  елу  тиын,
                      Сырап  боп  жас  қайраты  онда  жанбай
                      Есіл  күш,  есіл   қайрат,  иесіз  еді,
                      Сұмдарға  еңбегі  еш  боп  бағаланбай.
                      Жүргенде  сұм  өмірдің   қыспағында,
                      Кенеттен  көк  күркіреп,  жер  сілкініп,
                      Әлемде  айқындалып    шұғылаланып,
                      Жарқырап   туды  Октябрь  күні  күліп.
                      Алтын  таң  алтын  күннің  шұғыласы
                      Түрлентті  жұмыскерді  рух  беріп
                      Ағылшын   сұмдар   қашып  кетті  еліне,
                      Теңдікті  жұмысшылар   алды   өзіне.
                      Арылды   Бекбосыннан  азапты  өмір
                      Бұдан  соң  орын  берді  өмір  төрі
                      Уклонның   жан  жағынан  ашылды   есік
                      Алтын  боп  үлде-бүлде  қара  көмір.
                      Жыл  жылжып,    ай  мың-мыңдап   қисапсыз  күн
                      Үнемі  күндіз  болып,  жоғалды  түн.
                      Өрнектің  Қарағанды  қалпын  жасап,
                      Күрделі  қала  болды  табылмас  мін.
                      Мәскеудің   қабат-қабат  үйлеріндей
                      Қона  алмай   қабырғаға  тайды  шыбын.
                      Одақта  үштің  бірі  атақты  алып,
                      Естіген   құмарланды  көрмей  түрін,
                       Көмірден асқар-асқар   таулар  орнап,
                      Дария  боп  тасып  кендер  берді  өнім.
                      Қарық  боп,  қарық  олжаға  қалың  халқы
                      Қайнатты   ас   қазандай  алуан  кенін,
   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177