Page 171 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 171

Алыстан ұсамайды қозғалғанға.
                      Шыжыған    күн  аптабы  мас   қып  мең-зең,.
                      Қинала   күңірентті  әнін  бала.
                      Саналы,  зерделі  ауыр  ой   қозғалды,
                      Мейірімді  еске  түсті  ата-ана.
                       Шерткенде  шердің  зарлы  қылын  қағып,
                      Қабынды  қос   өкпесі   қопарыла.
                      Үміті  келешектің  беп-белгісіз
                       Жүрегін  тулатты  аттай  қорлық  ыза,
                      Мұсаға   жылы  жүзбен  есіркеген.
                       Елжіреп  іші-бауры  болды  да  риза.
                       Көрігі  көздің  көңілін   қалдырғандай
                       Келіп  ед,  Қарағанды  жапан  дала.

                                       II
                       Күн  өтіп,  айлар  өтіп,  жылдар  өтті,
                       Ай,  жылдар  өткен  сайын  бала  ер  жетті.
                       Он  беске  жасы  жетіп,  есейген  соң
                       Талпынды  істегелі  ұлы  еңбекті.
                       Жасынан   жетім  өскен  шерлі  жүрек
                       Шыныққан   шыныдай   шын  көп  тепкі  жеп,
                       Қайыспас  сом  болаттай   қайсар  берік.
                       Жаурынды,   бұлшық   етті,  балғын  білек.
                       Жебелі  домбал  балуан  саусағы  бар.
                       Бала  бүркіт  секілді  бұл  жас  түлек.
                       Жар  қабақ,  айдынды  бет,  шойын  сүйек,
                       Отырысы   томағадай  дөп-дөңгелек.
                       Қылауы  қайтбаған  шын   асылдай-ақ
                       Қыршын   жас  қылшылдаған   тым  дірілдеп,
                       Шырайлы   жүзі  жайнап  талмайтұғын
                       Отты  көз,  құрбысынан  туған  бөлек.
                       Еңбегін  емейін  деп  ержеткен  соң
                       Қайла  ұстап  жер  астына  түсті  тілеп.
                       Забойға  Мұса  бастап  алып  барды,
                       Келіп  ед,  жердің  асты  қап-қараңғы.
                       Дүбірін  жұмыскердің   құлағы  естіп,
                       Жігері   қайраттанып   қызуланды.
                       Пілте  шам  жарығымен  жылтыраған,
                       Көмірдің  бітісіне  көзін  салды.
                       Тұп-тұтас  түрған  көмір   қара  жартас,
                       Тас-топырақ  не  бөтен  зат  жоқ  аралас.
                       Таңдайтын   көрінеді  күш-қайратты
                       Еңбекке,  өмірге  азық  тұр  таусылмас.
                       Көмірдің  молдығына   қуанғандай
                       Қатпаған   қабырғасы  Бекбосын  жас.
                       Кідірді  терең  ойға  шомғандай  боп,
                       Тұлпардай  тойпаңы  бар   құрыш  алмас.
                       —  Шырағым,   шошыдың   ба? — деп  сұрадық
   166   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176