Page 170 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 170
Жемісі: жуа, шие, бүлдіргені.
Сарай тас, кигіз үйдей жоқ түндігі,
Шарбаттай тас бұлақтың тәтті суы,
Жанға жай, рахатты жазды күні,
Адасып таудың жыныс ағашында
Бекбосын ел табалмай жүріп еді.
Ай болды ауыл іздеп сұрастырды,
Кеткенін қайда қаңғып жан білмейді.
Жан ашыр жақын да жоқ іздеп шыққан,
Жасырынып адам көрсе қорқып, бұққан,
Тау кезіп тағы болды бала мүлдем
Зарықты сондадағы жалғыздықтан.
Бір сайда көп кіреші орнап жатқан,
Сымбалдап кескен ағашты арбаға артқан,
Бұлттай керуен көшіп жөнелгенде,
Бекбосын кез боп қалып қалмады арттан.
Қимайды туған жерін қалып барад,
Жүрегі тулап, күйіп оттай жанад.
Бір айдай тауда жүрді аң сықылды,
Сусын қып шарап суын, жемісін тамақ.
Түршігіп безді аулынан жаны шошып,
«Бай мені өлтірер,— деп,— тағы сабап».
Панасыз жетімдіктен қайғырдым,—деп
Еңіреді бала артына қарап-қарап.
Кіреші ағаш артқан қалың керуен
Соңынан бала қалмай ере берген.
Үйректің ұлы Мұса тани кетіп,
Арбадан секіріп түсіп жетіп келген.
— Сен қайда барасың? — деп сұрады да,
Арбама кел отыр! — деп ол мінгізген.
Біледі бастан-аяқ мәнін, жайын,
Өлгенін әкесінің көзбен көрген.
— Әкеңді, шешеңді де өлтірді ит, — деп,
Маңдайын сыйпап-сыйпап есіркеген.
Үстіне жығылғанның жұдырықтай
Өлгенін анасының жаңа білген.
Мұсаға барлық мұңын шаққандай ғып
Көзінің жасы көл боп аға берген.
Үйрек ұлы Мұса айтты: завод барам,
Қарағым, жылама енді, болма алаң.
Саған да өлшеулі ризық табылар да,
Былтырдан мен заводта қайла шабам.
Сескеніп шешеңді де жоғалтты бай
Жиреніп дауысынан зар қақсаған.
Жүре бер маған еріп, сорлы жетім,
Артыңа айналар жоқ ата-анаң.
Маған ер, Қарағанды апарайын
Қаңғыртып сені қалқам тастамайын.
Қыбырлап жүріп келед өгізді арба,