Page 169 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 169
Өзінен әл кеткенше болып кәрі.
— Өлемін, өлтірем, — деп тап бергенде,
Кеудеден Алданазар теуіп қалды.
Сүйретіп дырылдатып алып кетті
Байдың бір қошеметші антұрғаны.
Жоғалып сол бетімен кетті Күлжан,
Қаймығып ешкім ара тұра алмады.
Беттетпей жан біткенді бай ызғары,
Күйзеліп, құр күңренді жақындары,
Жасырып жылағанын күбірлесті
Жазықсыз төгілді-ау деп босқа қаны.
Ауылдың құрметті Үйрек ақсақалы,
Отырған қоңсы қонып болмай малы,
Тепсініп Алданазарға айтты бірақ,
— Түбінде жібермес, — деп, — сені обалы.
Кетелік маңайыңа тұрмай сенің
Рақымсыз жан екенсің жоқ иманы.
Құрымын сиырына теңдеп алып,
Қарамай алды-артына кете барды.
Жатқанда өлікті аяп жанның бәрі,
— Мені де өлтірер, — деп шошып жаны
Бекбосын тауға қашып шығып кетті,
Көпшілік баланы елеп байқамады.
Таудағы өмір
Бұл қай тау, атақты тау, Қарқаралы,
Өзгеше оның көркі, ормандары
Шалқар көл мөлдіреген тас бұлақтар
Сусынға — шарап, дертке — шифа, дәрі.
Қашаннан Қарқаралы атақты тау,
Көк-жасыл, шөбі шүйгін, майса балау
Өзен, көл айналасы шарбаттай су,
Тас бұлақ кең өлкелі тарау-тарау.
Жарқырап жайқын көлдер бауырындағы,
Айнала әсиелі көк құрағы,
Желпіген жел, көк құрақ сусылына
Құстардың қосылады сыңқылдағы.
Айнадай көрінеді түбіндегі
Серуендеп балықтардың тізілгені,
Ойыны су түбінде шолп-шолп еткен
Секілді қызбен жігіт сүйіскені.
Сыңысқан сәукелелі қарағайы,
Ой-қыры тұтас ағаш, терең сайы,
Сұлудың білегіндей аппақ қайың,
Көк терек сәнді аралас тең жұбайы.
Шалғыны аттың асып қапталынан
Жас болса жүргізбейді көк орайы.
Айнала атырапты даласында