Page 168 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 168
Сиқымбай бұл қорлықпен өмір сүрді,
Еңбегі бір жанбады сонда дағы.
Жазықсыз өлім
Жазды күн байдың атын ұры ұрлады,
Осы еді алдынан тай жоғалғаны.
Сәскеде хабар берді «ұрлаттым» деп,
Көпіріп Алданазар бұрқылдады.
Демімен ашқандай боп үй түндігін
«Көк төбет» ұйқтадың ба? — деді бүгін.
Бәйбіше: — көзің тұтсын,—деп те жатыр,
Жасыңнан ішкен-жеген дәмің тегін.
«Бәйбіше, олай деме еңбегім бар,
Басқаға қызмет етсем ақым даяр,
Даурығып обал, сауапты айырмайсың
Сіздерде мейірім жоқ адамды аяр.
Сіздерде он бес жастан жылқы бақтым,
Қашан мен бағып жүріп кірпік қақтым?
Бір тиын қырық жылдай ақы алмадым?
Бүгін-ақ екі тайың мен жоғалттым», —
Дегенде жүгіріп кеп Алданазар,
Апсағай еңгезердей түсі тажал,
— Айтшы!—деп,— не дейсің?!—деп дікілдеді
Қолында соңғақтылау тоқпағы бар.
«Дым көрмей, дәулетімнен ішпей-жемей
Қырық жылдай болған екен саған обал...
Оңаза оңбаған ит тоймайтұғын
Берейін қазір санап, ақыңды ал!
Бір аттың майы құрлы құның жоқ ит,
Керісіп, ұялмауын салып жанжал
Манаурап жайыңменен келіп тұрсың
Бере алмай, шық та кеппей ерте хабар».
— Жоғалып екі тайың суалдың ғой,
Сиқымбай, олай болса, деді,—өле қал!
Пәрмендеп кеп тоқпағымен берді басқа,
Байқаусыз теріс қарай бергенде аңғал.
Ойылып қара құсы шапшыды қан,
Қаріп шал қанын құсып тапсырды жан.
Әкесін осылайша бай өлтірді
Бекбосын сегіз жаста жетім қалған.
Ойбайлап бетін жыртты алған жары
Шырылдап жолдасым деп күйіп жаны,
Үрпиіп төбе шашы еркек, әйел
Өлікке үймелесіп қалды бәрі.
— Біздей боп бала-шағаң шуласын! — деп
Күлжанның құлақ жарды еткен зары.
Жазығы жылқы бақты бала жастан