Page 167 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 167
Палуанмын әлі де
Екі еседен нормаға.
Жұмысымның үлгісін
Сан шахтерге үйреттім;
Техниканы меңгеріп
Механизмді билеттім,
Тұрмысым менің шаттықта
Мәдениетті, сәулетті,
Үш бөлмелі үйім бар
Шыққысыз кірсе қызықты.
Бақытты елдің шалымын,
Қуанамын масайрап!
Алпыс бестік күнімді
Өткізді халқым той-тойлап.
БЕКБОСЫН 188
I
Сиқымбай алпыс бесте, жасы кәрі.
Тіпті көп Алданазар байдың малы.
Ол — байдың жылқышысы он бес жастан
Тігерге тұяғы жоқ өте жарлы.
Сиқымбай жас күнінен жылқы баққан,
Жылқының тілін біліп, бабын тапқан.
Ұрыға алдынан тай алдырмады,
Қасқырға таң тарттырмай ықтияттан.
Боранда сұрапыл алай-түлей
Жылқымнан талай ықты көзі ілінбей,
Айырып апаттардан аман сақтап
Жүретін күні-түні аттан түспей.
Кигені шидем күпі, жүн жабағы,
Ұйығын көтергісіз екі аяғы,
Тымағы туырлықтай жүндес сеңсең
Қаптаулы күлапара сыртындағы.
Табақтай иілген кең үзеңгі ағаш
Ұйығы зорға сыяд оған тағы.
Қорғайтын тәнін боран аяздардан
Тәйтері қорғасындай боп салмағы.
Ұзақ таң азабымен алпарысып,
Түнімен қасқырға айтақ тынбай жағы,
Күні-түн белін шешпей бой жылытса,
Сорпа, су, өкпе, сирақ — ас тамағы.
Сөйтсе де Алданазар зілденуші ед
Бұлыттай қар жауатын боп қабағы,