Page 166 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 166

Октябрьден   бері   қарай
                            Қарт  атаңыз  тынықты.
                            Еске  түссе  сол  күндер,
                            Сескеніп  жаным  түршігед,
                             Ұмытылмас өлгенше
                            Аязы  қатты  бір  түн  ед.
                           Сыламбай,   Менков,   қара  Иван
                           Жылан   боп  көзге  көрінед.




                            Капиталдың   тұсында
                            Азабын  көрдім  даланың
                            Рахат  көріп  бұл  кезде
                             Кірді менің ажарым.
                            Есіліп  көмір  жол  беред,
                            Қартың   ұрса   қайласын,
                            Көңілге  шаттық  кірген  соң,
                            Күшейді  менің   қайратым.
                            Жыл   сайын  алам  бәйгіні
                            Кем  дегенде  алты  рет,
                            Мақтау  сыйым   тағы  көп
                            Грамота  мен  значок,
                            Көп  жасыңнан   артықпын,
                            Екі  норма  беремін.
                            Стахановшылдың    бірімін,
                            Топтан  озық  келемін.
                            Ай,  дүние-ай  жиырма  бес:
                            Қайта  айналып  келер  ме  ед,
                            Күш,   қайратты  сондағы
                            Осы  кезде  көрер  ме  ед?
                            Атағым  менің  Одаққа
                            Шығар   еді-ау  ер  деген,
                            Алексейлер  сияқты,
                            Даңқы  көкке  өрлеген.
                            Есіл  күшім,  қайратым
                            Босқа  кетті-ау,   қор  болып,
                            Буржойлардың    іркілдек
                            Өсіріп  қарнын  май  қылып.
                            Арман  қып  айттым  әншейін,
                            Әлі  де  күшім  кем  емес,
                            Құлаштап   қайла  шапқанда,
                            Көп  жігіттер  тең  емес.
                            Екпінділік  жарыста
                            Жас  жігітпен  таласып,
                            Социалдық   құрылыстың
                            Кірпішін  жүрмін   қаласып.
                            Қырық   бес  жылдай  серігім
                            Алмас  қайлам  қолымда,
   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171