Page 165 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 165
Бұрынғыдан нығайдық,
Күреске күш топтанды,
Буржойларды құртуға
Жұмысшылар аттанды.
Мұса менен Ысмағұл,
Әділбек пен Қыдырбай,
Жабас, Кенже. Жүністер,
Отыр едік бір үйде,
Полиция аралас,
Бес-алты салдат келді де,
Мылтықтың алып астына,
Түйгіштеп бізді айдады.
— «Большевикпен астыртын
Хабарласып тұрасың,
Елді ала қып ірітіп;
Бұзылғандық қыласың.
Атамыз, қоймай құртамыз
Арестовной болдың», — деп
Бұлтартпастан апарып,
Абақтыға қамады.
Қандала мен бүрге жеп,
Аштық үшке түскенде,
Ұрып-соғып қинаумен
Бартиып дене іскенде,
Таянғанда өлуге,
Себеп боп жарық көруге,
Қызылдың бір топ әскері
Алған екен зауытты.
Есікті бұзып, талқан ғып
Босатты көп халықты,
Бұғауды үзіп, қиратып,
Темір тордан ағытты.
Октябрьдің таңы атып,
Түн түндігін сыпырып,
Езілген біздей сан халық,
Түрмеден босап құтылды.
Большевиктер басшы боп,
Біз еріп ылғи соңынан,
Отырдық қорғап зауытты,
Ақтардың бұзық тобынан.
Бергі жерді, қарағым,
Өзің де жақсы білесің
Социалдық тұрмыстың
Сайранында күлесің.
* * *
Құрыш денем талмайтын
Сол бейнетте шынықты