Page 12 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 12
Бір күнде бөгелнайын он өзгертсе,
Ақшамыз айлыққа алған жоқ болады, -
деп, «ақ талондағы» цифрды дүкеншілердің көз бояп қалай өзгер-
тетінін айтса, алған айлығының сол арқылы тоналып жатқанды-
ғы суреттеледі, тағы бір ескеретін мәселе «ақ талонды» шығарған
қожайынды емес, сатушыны кінәлайді, қожайын мен сатушының
ым-жымы бір, жемтіктес екенін аңғармайтын сияқты. Жұмысшы-
лардан пара алу, айтқандарына көнбегендерге ақшалай айып
(штраф) салу дағдылы іске айналды.
Қарт кенші X. Алтайбаев сол кезді есіне ала келіп былай дейді:
1903 жылдары Қарағандыда Немков деген бақылаушы болды.
Жұмысшылардан ол үнемі пара алатын. Пара бермеген адам бол-
са оны жұмыстан шығаратын, не соққыға жығатын, не айып тарт-
тыратын. Бір күні Ысмағұл дейтін жолдасымыздан әлгі ит оңашада
ақша сұрайды. Бірақ Ысмағұл ақша бермейді. Содан кейін Немков
Ысмағұлдың соңына түсіп берсін, түсіп берсін. Бір кезде Ысмағұл-
ды әлгі Немков таяқтасын-ай келіп. Соны естіген Ілияс бір ретте
Немковтың шырай көзіне, жұмысшыларға қарап мынадай өлең
айтты:
Ысмағұлдан бір күні
Немков ақша сұрады.
Бермеген соң ант ұрған
Сылтау тауып әр түрлі
Таяқтап оны ұрады.
Өлең дөкір мінезді Немковтың іс-әрекетін осылай баяндаудан
басталады. Өлеңнің соңғы шумағында Немков сияқты парақорлар-
дың үстінен арыз айтып ұлыққа барған халықтың әділ билік айта-
тын әкім таппайтындығын да көреміз:
Арыз айтсаң ұлыққа,
Әжу-тәлкек қылады.
Өздеріңде айып деп
деп, әділдік күткен әкімдеріміз де жауыздардың өзі екен деген
қорытынды, түйінге келеді, қатал сынға алады.
Жұмысшылардың таптық ой дүниесінің ояна түсуімен байла-
нысты өлең шығармалардағы мұңды пікір, қатал сын өрістей түсе-
ді, қарсылықпен ұштасады. Өндірістегі бақылаушы, подрядші қо-
жайындармен қатар болыс, билер мен қожа-молдалардың да бей-
несі көрініс береді. Идеялық мазмұны жағынан жоғары кейбір
өлеңдерде бұлар жұмысшыларды талаушылар тобы етіліп көрсе-
тіледі:
Болыс, билер бірігіп,
Салықты баса салады.
Күфи-сүфи деп жүрген
Молда да зекет алады.
Ақырында қожайын,
Ақымыздан азғантай
Кесіп-жонып қалады,
Сүліктей солай сорады.