Page 164 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 164
Жұмысшы ерген соңынан
Большевиктік партия,
Таймайтын Ленин жолынан,
Егер келсе бұл жерге,
Біз де ерейік соңынан.
Буржойлардың билігін
Алайық күшпен қолынан.
Үкіметі буржойдың
Құлауға жақын қалыпты,
Өтірік емес, шын хабар
Естіп жүрмін анықты.
Бұрынғыдай күштесе,
Жұмысқа тегіс бармайық:
Қарсыласып сөз сөйлеп,
Тұс-тұсынан аңдалық.
Б а л а билік болмады,
Малға түсіп құрығы,
Кең дүние тарылып,
Болмай бізге қызығы.
Құйрыққа соғып дүрені,
Басқа тиді сырығы,
Сүйектен өтіп кетті, деп
Ит патшаның қылығы.
«Соғысамыз қарсы» деп
Көтерілді ел тегіс.
Күреске буды белдерін,
Болады деп өзгеріс.
«Бермейміз, — деп, — салдатты»
Ел болыпты бір ауыз,
Іртіп жүрген жалғыз-ақ
Би менен болыс — ит ауыз.
Он алтыншы жыл еді,
Көп сөз айтты тағы да:
— «Большевикке ереміз!» —
Дедік біз де жабыла,
Бұрынғыдай болмады
Қарсыласа бастадық,
Қиратамын десе де,
Өлімнен қорқып қашпадық.
Ашынған ылғи жұмысшы,
Бір ауыз болдық бірігіп,
Жұмысты тастап сан рет,
Жатып қалдық бармастан,
Больщевиктер жеңед деп,
Хабар алдық жан-жақтан.
Он алтыншы жыл өткен,
Он жетінші жыл еді,
Жылы шырай жаз кеткен
Мезгілі жеткен күз еді.