Page 163 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 163

Кеудесін  сөгіп  есілте,
                               Бір  шахта  болды  ерекше  —
                               «Қызыл  шахта»  дейтін  ед;
                               Оған  түскен  жұмысшы
                               Қиналып   жанын  жейтін  ед.
                               Төбеннен  су  шүмектеп,
                               Құйып  тұрад  сорғалап,
                               Шахта  ішінің  тарлығы
                               Тізеден  ылғи  сел  болад.
                               Қыстыгүні  бір  жағы
                               Қатып  жатад  мұз  болып,
                               Боздығы  жоқ  кей  жері
                               Қайнап  тұрад  от  жанып.
                               Шыдамайды    жігіттер,
                               Осында   ылғи  істеуге,
                               Лажсыздан    істейміз,
                               Кездескен  соң  күштеуге.
                               Іріктейді  жинап  ап,
                               «Қызыл   шахтыға»  айдайды,
                               Бармаймын   десең  бас  тартып,
                               Еркімізге   қоймайды.
                               Соқтырып   дүре,   қан   қылып,
                               Ыштырап   тағы  салдырад,
                               Қуатты,  әлді  жігітті
                               Шахтадан   басқа  алдырад.
                               Он  төрт  сағат  уақыт
                               Жеткізбейді  талдырып,
                               Бүрсең   қағып  жүреміз,
                               Су  өтумен   қалжырап,
                               Әрі  аш,  тоңып,  әл  құрып,
                               Талып   қалсақ  сол  жерде,
                               Шахтадан   сонда  алады
                               Шалажансар    —  өлгенде.
                               Сан  рет  талдым  осындай,
                               Жан   шықпады,   өлмедім,
                               Капиталдың   қолында
                               Осы  болды  көргенім.
                                               *         *   *

                               Право  жоқ,  тыным  жоқ,
                               Жүргенде   өстіп  түндерде.
                               Естілді  дүбір  дүңкілдеп:
                               «Таң  атад»  деп  біздерге.
                               Жинап   ап  Мұса  оңаша,
                               Түсіндірді  сол  жерде:
                               —   «Ауыздан  ешбір  шығарма,
                                Жақсылық   айтам  сіздерге,
                                Капиталмен   күрескен
   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168