Page 162 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 162
Майы еріп ағатын.
Айналаны бір шолып,
Таянып келсем қасына,
Тұр екен майы көлкілдеп,
Көтердім шамды басыма.
Майды ұрттап болғанда
Маңдайымнан тер шықты,
Шырадай көзім ашылып
Дем алғанда үн шықты.
Жалындаған сасық май
Қоқым толған ішіне
Қуатымды кіргізді.
Қайта түстім күшіме.
Шамды қоя бергенде,
Дауыс шықты шаңқ етіп,
Дуылдатып жағымды
Шапалақ тиді шарт етіп,
Көмекшісі Менковтың
Қара Иван екен біреуі.
Жағынышты сақ иті
Мақсым екен біреуі.
Тепкіледі екеуі.
«Өлдім» десем қоймады,
Әлі есімнен қалмайды
Өлімші қылып сойғаны.
Ертеңіне шақырды
Уряднік — төреге,
Алдына бардым қалтырап,
Қалдым ба деп пәлеге.
— Не істедің, күшік? — деп
Уряднік ақырды,
«Дүре соқ» деп жалма-жан
Полиция шақырды,
Полиция келді де,
Жөнелді ала түйгілеп,
Шешінтіп алып жалаңаш,
Сілейтіп салды дүрелеп.
Арқамнан қаным тамшылап,
Қозғала алмай жарадан,
Жатып қалдым қансырап,
Түкте келмей шамадан.
Айлыққа алар төрт сомды
Ыштырап деп ұстады,
Шараң бар ма жан шықпай
Осылайша қысқаны.
Он жетіге келген соң,
Қайла шаптым көсілте,
Талқан қылдым көмірді.