Page 161 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 161
Қарағандыға әкілдім»,
Деді Мұса оларға
Аянышты жүрекпен.
Аяп кетті олар да
Туысқандық тілекпен.
Үйренісіп бұлармен
Мен де болдым біріндей,
Үлкені — аға, кішісі —
Болып кетті інімдей.
«Түйе шахты» дегенге
Конегон* болып орнықтым,
Бірінен шығып біріне
Молына кірдім зорлықтың.
Айлық ақым — төрт-ақ сом,
Он төрт сағат істеймін,
Жас шыбықтай майысып,
Өзімді өзім күштеймін.
Мастер болдым айдауға,
Екі жыл болдым конегон.
Аш, жалаңаш жүрсем де,
Болмады қожам елеген.
Одан күнді көре алмай,
Ташке тарттым шахтада
Көрмегенің аз ед деп,
Кездесті ташке «бақытыма»!
Буыным жас қатпаған,
Сүрінемін, қабынам,
Сөткесіне бір татам,
Қиналып жаным налынам.
Жұмыс бітпей өлсең де,
Шығармайды далаға,
Дем алғым келсе отырып,
Қалғаным онда пәлеге.
Ыштырапты тартамын
Таяқ тиед басыма,
Менков борсық мелшиіп,
Келіп тұрад қасыма,
Буыным босап бір күні,
Қарауытты көздерім,
Ширайын десем, әл құрып,
Ыңырсып шықты сөздерім.
Жан-жағыма қарасам,
Көрінбейді еш адам.
Жарық қып жолға қоятын,
Көрінді көзге темір шам.
Пілте салып ішіне,
Мал майымен жағатын,
Көп жанса пілте лапылдап,
* Ат айдаушы.