Page 160 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 160
Әкем сорлы дос екен.
Жасынан ол да жұмыскер,
Қанаушымен қас екен.
Ол істейді зауытта,
Елге сирек келеді,
Келген сайын жаны ашып,
Түрімді менің көреді.
Қозы бағып жүр едім,
Бір күні келді қасыма
Бетімнен сүйді «жаным» деп
Сипап қолын басыма.
— «Әкеңмен сенің қандай ем,
Шығарда жаным басқа еді.
Бақпадың деп малымды,
Өлтіріп зұлым тастады.
Бұл қорлықта жүргенше,
Кел, тілімді ал, қасыма ер,
Тиын түсед қалтаңа,
Зауытқа бол жұмыскер,
Жассың әлі өспеген,
Жеңіл жұмыс істейсің.
Пісіп, қатып, шынықсаң,
Өзіңді сонда күштейсің».
Деген сөзі Мұсаның
Ақылға келді қонымды,
Соңына ердім қалмастан,
Ұстатып оған қолымды.
Сыламбайдан сол күні
Құтылдым қашып көрінбей,
Жас баламын балдырған,
Тал шыбықтай, өрімдей!
* * *
Қой қорадай кең барақ
Жерден қазып салынған,
Иіс-қоңыс сап-сасық,
Әуесі мүлдем тарылған,
Осында екен Мұса да
Мұсадай (тағы) жігіт бар.
Амандасты Мұсаға
Шұрқырасып туыстар.
Сұрап жатыр біреулер:
«Балаң кім?»—деп Мұсадан,
Жамыраған қойдай боп,
Шуылдасып көп адам.
— «Бұл бала — менің бір інім,
Әкесімен дос едім.
Жаным ашып сорлыны,