Page 159 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 159

Жасымда    келдім  зауытқа,
                              Өмірді  тегіс  өткіздім
                              Шахтада,  ылғи  зауытта.
                              Қанымды   сорды  борсығы
                              Англичан  байлары,
                              Қылмысты   ешбір  жазам  жоқ,
                              Күшімді  саттым  айыбым.
                              Еңбек  етсең  шамаң  кеп,
                              Жырлауыңа    жетемін,
                              Асығып  тұрмын   киініп,
                              Шахтаға  түсіп  кетемін.
                              Ал   қолыңа   қаламды,
                              Сырымды   тегіс  шертейін,
                              Жырлатайын,   қуантып,
                              Балқытып   бойыңды   ерітейін;
                              Мыңнан   бірін  көп  сырдың
                              Қысқартып   қана  айтайын;
                              Жаз  бүгінше  осыны,
                              Шахтаға   беттеп  тартайын.






                              Ақсары  болад  ұруым
                              Қарқаралы   жерінде,
                              Ел  ішінде  жүргем  жоқ,
                              Шалалау   білем  өзім  де.
                              Сыламбай   байдың   қолында
                              Ұрумен  әкем  өліпті,
                              Жұрт   жиналмай   күйініп,
                              Үш-төрт  кедей  көміпті.
                              Екі-үш  жаста  есім  жоқ,
                              Өлгенін   қалай  білмеймін.
                              «Осылайша   өлді»  деп
                              Ес  кіргенше  білгенім.
                              Шешем   де  өлді  ауырып,
                              Күтім  болмай,  бағылмай,
                              Дәрігер  жоқ,  көмек  жоқ,
                              Ішерге  ас  табылмай.
                              Тоғыз  жаста,  бұл  кезде,
                              Есімді  әбден  білемін,
                              Сыламбайдың    қозысын
                              Бағып   қана  жүремін.
                              Он  екі  жасқа  келгенде,
                              Кек  аралас  шер  толды,
                              Сорлы  жетім  жүрегім
                              Қайғыменен   өртенді.
                              Үйрек   ұлы  Мұсамен
   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164