Page 158 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 158

Бірінші  тарау


                               Д А С Т А Н Д А Р
                             ҚАРТТЫҢ   СЫРЫ  187

                       Көпті  көрдің,   қарт  ата.
                        Кешегіні,  бүгінді;
                       Құлақ   құрышын   қандыршы,
                       Таңырқатып   ініңді.
                       Бұдан  төрт  жыл  бұрын  да,
                       Бастағам   сізбен  жырымды,
                       Содан   бері  кездеспей
                       Бүгін  көрдім  жүзіңді.
                       Бала  шахтер  жыр  қылсын
                       Ағытшы,   ата,  сырыңды!
                       Жазуды    сізден  бастайын,
                       Сөйлетейін  тілімді!




                       —   Өзім  атым  —  Бекбосын,
                       Әкем  аты  — Сиқымбай,
                       Қырық   бес  жыл  істедім
                       Жер   астында  бір  тынбай.
                       Бесеуіне  алпыстың
                       Жасым    келді,   қарағым,
                       Азабы   мен  рахатын
                       Көрдім  осы  даланың.
                       Октябрьдің   аржағы,
                        Кешегі  өткен  заманда,
                       Тепкіге  түстік  езіліп,
                       Тапталып   талай  табанға.
                       Қазақтың   байы,  молдасы
                       Сыдырды    таспа  жонымнан,
                        Ішерге  тамақ,  киім  жоқ,
                       Қабандар   тойды   қоңымнан.
                       Пана   таппай  ауылдан
   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163