Page 11 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 11
дыда Ж. Нұрмағамбетовтан жазылып алынған «Көр тышқандай
жер кеулеп» деген өлеңінде:
Көр тышқандай жер кеулеп,
Күнімен көмір қазамыз.
Қай кесек басып қалад деп,
Қорқынышта азамыз...
Маңдайға мықтап жазылған
делінеді.
Ауыр еңбек қасіретін таратушы да, күнде өлімге ұшыратушы
да көмір деп түсінеді. Шахтада құлаған көмірдің астында қалып,
екі аяғынан айрылып мүгедек болған жұмысшы:
Екі аяқтан айрылдым,
дейді. Немесе:
Карағанды қанды жер
Қай шұқырда қаламыз.
Қиратар ек шахтаны
деп әлі таптық санасы көтерілмеген жұмысшы кеншілердің көп
өлімнің себебін көмірден, көмір шығатын шахтадан көреді. Шах-
таны билеп, төстеп тұрған қанаушы тап, капиталистердің үстемдік,
зұлымдығынан туған ауыртпалықты тереңдей түсініп жетпейді.
Солай бола тұрса да қарапайым жұмысшылар еріккендіктен емес,
езілгендіктен, күйзелуден туған шығармаларында заман шынды-
ғын дәлді түрде көрсете білді.
Қарағанды, Екібастұз, Успенскі жұмысшыларына кең таралған
«Рақаты жоқ өмірде күшті сарқып сатамыз» деген бір өлеңде үне-
мі ажал төндірген шахталарда ұзақ күн жұмыс істегендегі тапқа-
ны тамағына да жетпейтін жұмысшылардың үй тұрмысы:
Бұлдыры жоқ көжеге
Малта езіп қатамыз.
Күніне бір татамыз
Іргесі - саз, асты - тоң
деп суреттеледі.
Болмаса подрядшілер жұмысшылардың ақшасын «ақ талон-
мен» айырбастайды. Ол «ақ талон» сол өндіріс иесінің лавкалары-
нан басқа жерге іске аспайды, ақша орнына оны ешкім қабылда-
майды. Сондықтан да жұмысшылар қожайынның лавкаларында
сасып, шіріп жатқан азық-түліктері мен өтпей жатқан товарларын
«ақ талонмен» алуға мәжбүр болатын. Бұл жөнінде жұмысшылар-
дың өз араларында туған «Ақ талон» туралы деген өлеңінде:
Құрысын бүйтіп берген ақ талоны,
Ақ талон сор қайнатып көп тонады.