Page 10 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 10
келдік. Келсек біз секілді жұмыс іздеп келушілер өте көп екен.
Тіпті бала-шағаларымен шұбырып келушілер де бар екен. Келген-
дерге үй де бермейді. Тіпті бұрынғы ескі жұмысшылардың өзде-
рінде де үйлері жоқк екен. Сондықтан үйсіз, азықсыз, қорғансыз
қалған босқындар күні-түні далада жатты. Жонды алып кетті.
Кешкілікте от басына айнала отырған халық қайғылы әнге сала-
тын еді. Соның небір жері ғана есімде қалыпты:
Келдік біз Ерейменнің даласынан.
Қашқан көп ағайыннын жаласынан.
Қамалдық Екібасқа барша халық,
Ағылған Ертіс, Баян саласынан.
Жазылар күн болар ма біз сорлыға,
Денеге салған тұрмыс жарасынан...»
Арада ұзақ жылдар өткеніне қарамастан сол бір жастық ша-
ғында естіген осы өлеңнің туу тарихын әңгімелегенде Жақсыбай
қарттың көңілі босап, көзіне іркіліп жас та келді. Әңгімесін аяқта-
ғаннан кейін де ұзақ, үнсіз отырып қалды. Бір кезде жерге қа-
далған көзін жоғары көтеріп алды да қайта сөйледі:
«О шіркін, дүние десейші! Нені көрмедік, нені естімедік! Жи-
налған халықты жұмысқа бүгін аламыз, ертең аламыз деп, күзгі
суық түскенше қамамасы бар емес пе! Ақырында жұмысқа да қал-
тасында пұлы бар адамдар ғана алынды. Қалғандары қар түсе
бет-бетімен шұбырып кетті».
Қарағанды, Ақмола маңындағы елдерден жазылып алынған
нұсқаларға қарағанда, бұл өлеңнің сол кезде ауыл кедейлерінің
арасына кең таралғандығын аңғарамыз. Әрине, мұндай өлеңдер-
дің кең таралуы да заңды нәрсе. Өйткені мұнда сол кездегі күн
көріс іздеп ауылдан өндіріске, өндірістен ауылға шұбырған халық-
тың жанына жара салған ауыр тұрмыс жөнінде айтылады.
1901 жылдың күзінде Екібастұзға жұмыс іздеп келушілердің
саны бес мың кісіге жетеді. Ал, Қарағанды, Спасскі, Успенскі өнді-
рістерінде де осындай жағдайлар болды. Бірақ, олардың көбі жұ-
мысқа қабылданбайды. Қабылданғандарға жұмысты көп істеткізіп,
еңбекакыны аз төлейтін болады. Көмірі қуалай алынған қараңғы
үңгірдің асты саз, әрі су, жарықсыз, тіреусіз болатын. Қазылған
көмірді сол үңгірдің бойымен шахтерлер шанаға, болмаса ташкеге
салып бадьяға 14 жаяу сүйреп әкелетін. Осындай тұрмыс — жұмыс-
шылардың өлең-жырларында ерте қалыптасып, олардың басты
тақырыптарының бірі болды.
Бұл тақырыптағы өлең шығармаларда тіреусіз забой ішінде
үнемі бастарын қатерге тіккен лирикалық геройдың ауыр еңбек
азабын тартқан аянышты халі әңгіме болады. 1950 жылы Қараған-
14
Октябрь революциясына дейін жер астына тік қазылған құдықтың бойы-
мен сымнан есілген жуан арқанға байлап диаметрі мен биіктігі бір метрдей те-
мір шелек жіберетін. Кеншілер оны көмірге толтырған соң жер астынан қайыра
тартылып алынатын. Сол шелек өндіріс тілінде «бадья» деп аталынады.