Page 148 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 148

ҚАРТ КЕНШІ  172
                              Қарт  кенші   қуанады  табысына,
                              Көрген  соң  комбайнның  шабысына,
                              Жанымды    жай  таптырған  бұл  машина
                              Отанның   бізге  берген  табысы  да.

                              Рештак  қимылдайды   дамыл  таппай,
                              Қарт  кенші  тұра  алмайды  көмір  шаппай.
                              Теңіздей  толқын   ұрған   қара  бұйра
                              Ағылар  кеңістікпен  іле  жатпай.


                              Сондықтан   қарайды  оған,  ол  мұқият,
                              Үздіксіз  күні-түні  дамыл  таппай.
                              Ықласпен   мың-миллион  алғыс  айтып,
                              Еңбекке  жұмылдырар    досын  жаппай.






                                   ҚОЛ   ШАНАМЕН    ТАСЫМАЙМЫЗ
                                             КӨМІРДІ  179
                                Қол  шанамен   тасымаймыз   көмірді,
                                Шахта   ішінде  істеген  жұрт  көңілді.
                                Мәңгілікке  Ұлы  Октябрь  жоқ  етті
                                Қара  түнек,  сонау  қапас  өмірді.

                                Көмір  шапса  комбайн,  поез  тасып,
                                Макаровтың   жасаған  өнері  асып,
                                Данышпан    партияның  бастауымен
                                Келеміз  коммунизм   қадам  басып.






                                          БӘШІР  БАТЫР 174
                             Бәшір  батыр  кеудесіне  жұлдыз  таққан,
                             Мініп  ап  комбайнға,  көмір  шапқан,
                              Сом  дене,  күш  тасыған  ер  білектен
                             Қара  алтын  — асыл  көмір  сел  боп  аққан.

                              Дәріптейд  ел  сүйеді  Бәшір  ісін,
                             Хұрметтеп   ардақтайды  тасқын  күшін.
                             Өндірген  көмірінің  әр  түйірі
                             Жұмсалар    бейбітшілік  өмір  үшін.
   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153