Page 147 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 147

БІР   ҚЫЗ  БАР  ШАХТАМЫЗДА
                                АЛТЫН  АТТЫ 170
                   Бір  қыз  бар  шахтамызда  Алтын  атты.
                  Қарасаң   дидарына-ау   нұр  сипатты.
                  Сөйлессең  сол  сәулеммен  шөліркейсін,
                  Сөздері  көкейіме  балдан  тәтті.

                  Еңбекте  ерінбейтін  ердің  өзі,
                  Жарыста   озық  болу  оның  сөзі.
                  Жастықпен   әзілдесе  қалсаң  егер,
                  Сыр   берер  нәзіктіктен  оның  көзі.






                        КЕЛГЕН   КЕЗДЕ  БІЗДІҢ  СҰЛУ
                                  ҚАЛАҒА 171
                      Келген кезде  біздің  сұлу  қалаға,
                     Кіріңіздер  шахтамызға,  лаваға,
                     Күндізгідей  жайнап  тұрған  жарығы.
                     Клетпен  түс.  Көріп  еркін  арала.
                       Қайырмасы:
                          Күнде  думан  шахтада,
                          Күнде  жарыс.
                          Ағыны  зор  тасқынға
                          Ұқсап  табыс,
                          Алға  өрлеп  барамыз.
                          Қарышта,   қарышта,
                          Қалма  артта,  жарыста!
                     Болат  тұяқ  комбайн,  асыл  тісті,
                     Өр  кеуделі,  жойқын  күш,  аса  күшті,
                     Өзі  шауып  көмірді,  өзі  тиейд,
                     Кім  білген  бұған  дейін  мұндай  істі.
                       Қайырмасы:
                          Күнде  думан  шахтада,
                          Күнде  жарыс.
                          Ағыны  зор  тасқынға
                           Ұқсап табыс,
                          Алға  өрлеп  барамыз.
                          Қарышта,   қарышта,
                          Қалма  артта,  жарыста!
   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152