Page 144 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 144
Шабатын ұл-қыз, сендерсің,
Отаным, жұртым, халқымдап,
Алғырдай біл тұрғынды,
Түлекке піскен баршындап.
Ақбөкендей құлашта,
Шыңға шыққан аршындап,
Еңбегіңді ел емсін,
Тапқан жерден талқандап.
ӨРЕНДЕР ҮДЕЙ САМҒАСЫН 165
Қоңырат, Балқаш, Жезқазған —
Бір-бірінің жолдасы,
Қарағанды — бұлардың
Ортасында ордасы.
Орнатылған заводтар—
Алып күштің тұлғасы.
Алуан түрлі бұларда
Машинаның формасы.
Еркін жүріп, ерке өскен
Еңбекші ерлер сырласы.
Әр мақтаның таудан зор
Ұлан-байтақ олжасы.
Шыға алмастай шыңына
Арқардың өршіл құлжасы.
Күштесіп ойнап сынасқан
Шахтаның шахтер құрдасы,
Атақты шахтер бізде көп,
Татитын онға бір басы.
Ер екпінін үдете
Шешен тілім, жырлашы.
Моторлардан қалыспай
Жырмен зырғып зырлашы.
Қарқын қосып қарқынға,
Сен де өзіңді шыңдашы.
Жалау тіксін жалынды
Заводтардың тұрбасы.
Қос құлағым, сүйсіне
Еңбек күйін тыңдашы.
Құрыш дене, сом білек,
Серпе сілтеп шыңдашы.
Бәйгі белдің таянды
Түйдекпен өтер қырқасы,
Озсаң, болар ағатың —