Page 145 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 145

Бар   құлақтың  сырғасы.
                      Табысқа   толсын  тасқындап
                       Сай-саланың  жылғасы.
                       Әлемге  бүкіл  нұр  сепсін
                       Отанымның   шұғыласы.
                      Шағылсын    күнге  көктегі
                      Еңбектің  орақ-балғасы,
                       Бесжылдық   игі  жарыста,
                      Өрендер,  үдей  самғашы!








                                 БІЗДІҢ  ЖАС  166
                      Анау  кім  зор  заводта
                      Ағызған  болат  бұлағын?
                      Анау  кім  кең  алапта
                       Бұраған  НАТИ   құлағын?
                      Кім  екен  ол  сонау  бір
                      Зәулім  үйді   қалаған?
                      Нақыштарын    санап  жүр
                      Өрнек  салып  жаңадан.
                       Кімнің  қолы  забойда
                      Таудай  көмір   қопарған?
                       Кіммен  жүрді  соны  ойла
                      Арқыраған   отарбаң?
                      Ол  советтік—біздің   жас
                      Өрені  өнер,  ғылымның,
                      Алған  жолдан   бұлжымас
                      Талаптысы   бүгіннің.






                         ОТАНЫМ   МЕНІҢ  —  ОЛ  ӨМІРДІҢ
                                    ЖҮРЕГІ  167
                      Отаным   менің —  ол  өмірдің  жүрегі,
                      Отаным   менің —  бейбітшілік  тірегі.
                      Отаным   менің  теңізде  де,  көкте  де
                      Бақытты   өмір,  еркін  өмір  сүреді.

                      Отаным   менің  әділдікті   қолдайды,
                      Бейбітшілді  әр  мезгілде  қорғайды.
                       Қан  құмарды  жер  бетінен  құртуға,
                      Әділ  өмір  адамзатқа  арнайды.
   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150