Page 146 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 146
МЕНІҢ МАҚТАНЫМ 168
Нұрадай өзенді айтсам — үлкен байлық,
Жетектеп егістікке суын жайдық.
«Ақтөбе»*, «Ынтымақ» пен «Байтуған» да
Су тартқан шығырлар бар таңырқарлық.
Мына жағы — Нұраның станциясы,
Самарқан да — байлықтың нақ тұлғасы.
Сол жерден суды ұстаған техника,
Тасқынға жол бермейді цемент тасы.
Толқынды тас қып байлап еркін күшпен,
Еліне нұр төгіп тұр осы күштен.
Барып тұрған байлықтың алды емес пе,
Миллион адам осының суын ішкен?!
Жер үстін жарқыратып, қуат беріп,
Осы күш шахтаға да барып түскен.
Көз көріп, құлақ бұрын естімеген
Не керемет істеледі осы күшпен:
Бұл күш барып көмірді талқандаған,
Вагондарды жүргізген, арқандаған,
Бұрғыны бұрқылдатып қадағанда,
Тас көмір бас иеді щалқаңдаған.
Техниканың ісіне арқа сүйеп,
Өнімді істеп, адамым шаршамаған.
Күшпен тартқан көк нөсер қолдан жауып,
Қаланың көшелерін шаң шалмаған.
Осындай су күшінің құдіреті
Тағы көп, тілім жетіп айта алмаған.
ТЕМІР ТІЛ, ЕТСІЗ БІТКЕН
БОЛАТ ТІСТІ 169
Темір тіл, етсіз біткен болат тісті,
Көрсетті «Донбасс» ұлы, ғажап істі.
Білген бе бұдан бұрын тарих мұны,
Бауырдай қара алтынды жіктеп кесті.
Болса да техниканың ең кенжесі,
Көмірді күтірлетіп шауып жатты.
Дәйексіз таудан аққан ағын судай,
Езуінен комбайнның көмір ақты.
Сусылдап зымырайды науа тасып,
Вагонға құйылады көмір асып.
Қуаты электрдің Отан берген
Ырқына жібермейді өктем алып.
* «Ақтөбе», «Ынтымақ», «Байтуған» — Нұра ауданындағы колхоздардың
аты.