Page 149 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 149

ТРАМВАЙ  175

                           Серуеншіл   жұрт  ағылған,
                           Иыққа-иық   теңесіп.
                           Жасыл   сәуле  шағылған,
                           Көкте  бұлтпен  кеңесіп.

                           Қаласында   көмірдің
                           Уақыт  түнгі  кез  еді,
                           Нұрлы,  дулы  әмірдің
                           Шаттығын   жүрек  сезеді.

                           Атқандай-ақ  шапақ  таң
                           Нұрын  сеуіп  жас  жанға,
                           Жарқырайды    сан  мың  шам,
                           Шұғыла   шашып   аспанға.
                           Мен  де  келем  көшемен,
                           Мол  сәулеге  бөленіп,
                           Араладым   кешеден  —
                           Не   қызыққа  кенеліп.

                           Болат  қара  қырлы  дөң,
                           Шомбал   темір  соқпағы
                           Қызыл  ала  қос  вагон,
                           Сыр  етіп  кеп  тоқтады.

                           Бір жүремін, бір тоқтап,
                           Сол  вагонге  келгенде.
                           Еске  түсті  өткен  шақ,
                           Маршрутын    көргенде.
                           Москва...
                                     — Осыдан
                           Жиырма   төрт  жыл  бұрын,
                          Мініп  едім  осыған.

                           Соған  орай  бұл  жырым
                          Делегаттық   мандатпен
                           Барған  онда  съезге*.
                           Ең  алғашқы  бесжылдық
                           Бекіген  сол  съезде.

                          Жатқанымда    қызықтап
                          Астанада  кең   қойын,
                          Сұр  вагонға  мініп  ап,
                          Сайрандағам   өн  бойын,

         *  Советтердің  V  съезі.
   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154