Page 152 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 152
Жердің тесіп бауырын.
Тереңде жатқан байлықтың
Табудамыз тәуірін.
Трайля-лилім, ләйлім,
Трайля-лилім, ләйлім,
Табысым көп, көңіл шат,
Бұл күнде міне баймын.
ШАХТЕРЛ ЕРГЕ 180
О, шахтер, жаралғандай жаның оттан,
Өткірсің сұр жебеден атқан оқтан.
Салмаған елге олжа күнің бар ма,
Тұлпардай мыңды жарып озған топтан.
Жарқылдап назағайдай аспанды осқан.
Қобыдан құлар жартас қайла соқсаң,
Өмірде сен туралы жыр таусылмас,
Барлығын ерлігіңнің жазсам тоқсан.
Отанға сойқанды жау киліккенде,
Забойда саған жолдас болғам мен де,
Сол күнде терді бірге төккем талай,
Лавада қонып қалып кей күндерде.
Сол күнде шахта астында қырық бестің,
Тоғысып жердің астын төрт жыл кештім,
Көмірді асқар таудай үйгенде сен,
Бір түйір қосып мен де көмектестім.
Ал, бүгін бейбіт өмір гүлденгенде,
Қияға құлаш сермер күн келгенде,
Даңқы зор еңбегіңнің орайына
Отаным мерекелер күн бергенде.
Өр жанды, от уытты сендей жастар,
Аруы ерлік істің қолаң шаштар,
Сол күнге сыйға тартар нең бар, кәні?
Қарт кенші, көпті көрген қырау бастар.
Қырықтан алты белес асқанымен,
Шалқыған шат көңілді жас жанымен,
Толғанып өміріңнен жазған сенің,
Бармақпын салтанатпен, дастаныммен.