Page 153 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 153
ҚАРАҒАНДЫ ШАХТАСЫН 181
Қарағанды шахтасын
Көрем десең сен барып,
Қызу еңбек жер асты,
Метродай жап-жарық.
Кезек күткен смена
Комбайнды қарсы алып.
«Донбасс» атты комбайн
Гуледі сонда қозғалып.
Бір минутта белгілі
Бір мың бір жүз айналып.
Тас қамалын талқан ғып,
Әне-міне дегенше
Вагонетканы толтырып
Электровоз кетті алып.
Қайырмасы:
Ей, бұл табыс,
Бейбітшілік қозғалыс.
Қамқоршымыз —
Партияға көп алғыс.
«Донбасс» атты комбайн
Әнімді саған арнайын.
Қара алтын босап қардайын,
Орындалып жоспарың,
Секілді алып күн сайын.
Ер шахтерге қосылып,
Мен де қарап тұрмайын.
/
Қайырмасы:
Ей, бұл табыс,
Бейбітшілік қозғалыс.
Қамқоршымыз —
Партияға көп алғыс.
АЛЫП КҮШІМ ҚОПАРҒАН
ТАУ-ТАСТЫ ДА 182
Алып күшім қопарған тау-тасты да,
Сүйсіндірген дос түгілі қасты да,