Page 151 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 151

ШАХТЕР177
                         Шахтер аға, батыра соқ қайлаңды,
                      Батыра  соқ,  қызсын  еңбек  майданы.
                      Таңдандыра  таудай  көмір  үйе  түс,
                      Болсын  ерлік  еңбегіңнің  айғағы.

                      Еңбек  деген  қандай  кызық  көңілді.
                      Қопара  түс,  қопара  түс  көмірді.
                      Алғыс  айтсын  коммунистік  партия
                      Жайнай   түссін  Отан —  ана  өмірі.

                      Шахтер   аға,  халық  ырза  ісіңе
                      Жақпар   тасты  нанша  илеген  күшіңе
                      Бағалайды   еңбегіңді  ел  сүйіп,
                      Уағдаңды   біледі  де  түсіне.






                               ЖАС  СҰЛУҒА  178

                         Комбайнға,  тез  рульге
                         Бір  бой  жеткен  отырды.
                           Құж-құж дене сүйегі ауыр
                         Алып  «Донбасс»  жосылды.

                         Төгілді  тер,  ашылды  жол,
                         Көмірден  теңіз  ағылды,
                         Ол  — Отанның  игілігі,
                         Сәулелі  шамдар  жағылды.

                         Салтанатты,  алып  күшті
                         Жас  сұлуды  кім  сүймес?
                         Күлім   қаққан  нәзік  жанды,
                         Қыздың  сырын   кім  түймес?






                           БІЗ  КӨМІРДІ  ЗЕРТТЕУШІ 179
                         Біз  көмірді  зерттеуші
                         Жастарымыз    Отанның.
                         Таптық  талай  кендерін,
                         Қопарып  тау  мен  жотаның.
                         Тексереміз  кендерің,
   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156