Page 143 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 143

Тұлғасы  зор  таудай  биік,
                         Онда  кілең  ерлер  мендей,
                         Жатыр   кірпіш   қалап,   құйып,
                         Ертең-ақ  біз  бітірмекке,
                         Буынып   бел,  бетті  бұрдық.
                         Орындаймыз    жекпе-жекте,
                         Тапсырманы   жеті  жылдық.
                         Бітер  деме  сый  осымен,
                         Шолақ   ойлап   қалма  тосын.
                         Біздей  құрылыс  иесімен,
                         Сырласа  түс,  ойлы  досым.
                         Өтер  талай  ай  менен  жыл,
                         Жылжып    әлі  сансыз  сағат.
                         Қала  болар  ой  менен  қыр,
                         Бақша   болар  байтақ  алап.






                               ҚАНДАЙ   ҚЫЗЫҚ,
                                  ТАМАША!?  164
                          Туған біздің дәуірден
                         Шахтерлерім   балуан.
                         Қолдарында   шарболат
                         Қайнап  шыққан   жалыннан.
                         Ильич  шамы   қолында,
                         Маңдайында    жағылған.
                         Баста   құрыш   қалқаны
                         Жібектен  бау  тағылған.
                         Дүбірдің  талмас  тұлпары,
                         Сан  сыналып  шабылған.
                         Бесжылдықты    төрт  жылда.
                         Орындауға  қам   қылған.
                         Жігер  артсын  жалындап,
                         Құлат  көмір  бұрғылап.
                         Тас  көмірге  еселеп
                         Сүңгісін  қайла  ұңғылап.
                         Көсіліп  кейде   қырындап,
                         Кетсін  күрек  шыңылдап,
                          Серпінмен  сал  науаға,
                         Ақсын  көмір  тасқындап.
                         Жай   оғындай  жарқылдап,
                         Вагонетке  сырылдап,
                         Шұбатылсын    үздіксіз,
                         Күш   басылмай   қарқындап.
                         Қандай   қызық,  тамаша,
                         Біз  жасаған  осы  шақ?!
                         Күлімдесін  көсемім,
                         Орнатқан   саған  алтын  бақ.
   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148