Page 150 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 150

Ойлаушы    едім  сонда  мен:
                               «Жыл   минуттей  өтсе»,— деп,
                                «Мынау  әсем  сұр  вагон
                                Бізге  де  тез  жетсе», — деп.

                                Асып  іске  сол  арман
                               Міне,  мұнда  тұр  бүгін.
                                Көріп  туған   қаладан
                                Шертіп  кетті  жыр  бүгін.

                                Қарап  әйнек  көзіне
                               Ақ  тұтқадан  ұстадым,
                               Мәлім  еді  өзіме
                               Неге  қатты  қысқаным.

                               Шар   тарапқа  шалқып  ой,
                               Ішке  кірдім  секіріп.
                               Шаттық   күні  —  отты  ғой
                               Соқты   жүрек  лепіріп.
                               Трамвай   тартып  жөнелді
                               Сәулетті  жаңа   қалаға,
                               Капитан   бар  шинельді
                               Келеді   қара  бала  да.
                               Трамвай   алып  жөнелді
                               Инженерді,   шахтерді.
                               Жазып   осы  өлеңді
                               Арнадым   соған  шақ  жырды.




                                 КҮНДЕЛІК   ЖОСПАРЫМ    БАР
                                      АЛҒАН   СЫЗЫП1 76
                               Күнделік  жоспарым   бар  алған  сызып,
                               Сондықтан   өрістеуде  жарыс   қызып.
                               Бесжылдықты    төрт  жылда  деп  ұрандап,
                               Серттесіп  орындаған  ісім   қызық.
                               Комбайн   алып  күшті,  өнімге  бай,
                               Ісіміз  орындалған  талапқа  сай.
                               Тетігін  техника   қолыма  алған
                               Көңілім  еңбек  етсе  болады  жай.
                                 Комбайн тас  көмірді  нандай  турап,
                               Күн   сайын  орындаған  норманы   артық.
                               Шахтамда   жарыс  қызу,   қимыл  күшті,
                                 Көрсеткіш бүгінгіден  ертең  артып.
   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155