Page 142 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 142
Алыптың арнасы үлкен, өнімге бай,
Әрбір іс орындалған талапқа сай,
Жойқын күш машиналар жетегінде,
Көңілім көрген сайын болады жай.
Прокат сом темірді сымға тартып,
Күн сайын орындаған норманы артық.
Заводта жарыс қызу, қимыл күшті,
Көрсеткіш бүгінгіден ертең артып.
ҚАРА, ДОСТЫМ, АЙНАЛАҢА 10 3
Қара, достым, айналаңа,
Сүйсін көріп өмір көркін,
Кешегі кең айдалада
Өскен қала емін-еркін.
Корпустар мен заңғар биік,
Заводтар түр қатар түзеп,
Трубалары көкке тиіп,
Сұлу күнге беріп изет.
Мұржалары түтін атқан,
Мартендердің пеші лаулап.
Көр, болатың балқып жатқан,
Жасыл ойнап, жалын қаулап.
Мүнда өмір бар оттан ыссы,
Болаттан нық адамдары.
Өмірде жоқ одан күшті
Күн нұрындай жанарлары,
Орнатқандар заводты бұл
Бақыт құшқан шебер —зергер,
Әтсе де тек аз ғана жыл
Төгілді көп маңдай терлер.
Сол терлердің әр тамшысы
Бүгін болат болып ұйып,
Өмірдің той — дарқаншысы
Қалыптарға жатыр құйып.
Өз қолымен қаладым мен,
Сол заводтың әр кірпішін,
Гүлдендіріп алабын кен
Безендірдім іші-тысын.
Қара, достым, сонау шетке,
Қара, сұлу қарындасым.
Көтердік біз тағы көкке,
Алып завод қабырғасын.
Етегі кең шалқар көлдей,