Page 141 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 141

Үюлі   құйма  тастар  тағы  да  көп,
                     Жарқырап    күнге  тиген  ақықтайын.

                     Үй  қалап  осылардан  сәнді  көркем,
                     Қолында  қалағы   бар  менің  еркем,
                     Өнерін   қарап  тұрсам,  ерден  зият
                     Жарыстың    алдында   жүр  еркін  өктем.

                     Көрсеңіз  қыздың  жайын  түгел  тектеп,
                     Тағы  да  қалап  жатыр  жаңа  мектеп,
                     Пәтер  үй,  биік  мұржа  өз  алдына
                     Ол  емес  ілесе  алмай  қалған  шеттеп.






                         ТАБЫСТЫ   ЕҢБЕК  ШЕШЕДІ  161
                        Батыр  шахтер,  солқылдата
                        Қада  бұрғы  көмірге.
                        Көмірден  мол  дариядай
                        Құт   құйылсын  өмірге.
                        Болат  білек   қарыштасын
                        Қара  алтынды  кенімде.
                        Табыс  күші  тасқындасын
                        Бес  жылдықтың   өрінде
                        Кен  байлығы  — ел  байлығы,
                        Шалқыта   бер,  ерінбе.
                        Ақынның  да  ой  бұрғысы
                        Жеті   қат  жер  кенінде.
                        Бер  көмірді  тасқындатып
                        Бесжылдықтың    белінде.
                        Еңбек  ері  нұр  жайнаған
                        Отырар  дәл  төрінде.
                        «Еңбегі  зор  шахтерлердің
                        Төрде  орны»  деседі.
                        Рас,  сәнді  өмірімде
                        Табысты  еңбек  шешеді.






                             ЗАВОДТАҒЫ    ЖАРЫС  162
                     Күнделік  жоспарым   бар  алған  сызып,
                     Сондықтан   өрістеуде  жарыс   қызып.
                     «Төрт  жылда  бесжылдықты?»   деп  ұрандап,
                     Серттесіп  орындаған  ісім   қызық.
   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146