Page 140 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 140
Жетіліп шөл далада қанаттанды,
Қарсақпай, Балқаш анау бір ордасы,
Шалқыған дариядай мыс қордасы,
Еншілес інісіндей Жезқазғанның
Алтынмен айшықталған босағасы.
Көркейткен алыпты орда елдің күші,
Еліне даңқ берген ердің күші,
Ен дәулет етек алып қарыштауда
Елімнің гүлге оранып іші-тысы.
Ілияс енді ағытсын жыр тиегін,
Тыңдаңдар, дейтұғындар, «жыр сүйемін».
Ер ісін, елдің күшін әнге қосып,
Төртінші бесжылдықта жыр түйемін.
ТАЛПЫНДЫ СӘКЕН
ТАЛ АПТЫМ158
Талпынды Сәкен талаптым,
Сұңқардай алтын қанаттым.
Еңбекте үздік болып сен,
Жұртты аузыңа қараттың.
АЛЫПТЫҢ ДАҢҚЫ 15 9
Бір алып дүрілдеген мартен атты,
Атағы бар әлемді таңырқатты.
Орнаған арандағы баққа есеп,
Сом темір сорғалаған судай ақты.
Білмесе мұны бұрын қ азақ халқы,
Тудырып өз қолынан шықты даңқы.
Асауды Алтынбегім* ерттеп мінген,
Міне, осы біздің елде ердің салты.
ҚАЛАУШЫ ҚЫЗ 160
Қызыл қыш текшеленген сандықтайын,
Жинаулы сәніменен жабдықтайын,
* Теміртаудың даңқты болат қорытушысы.