Page 139 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 139
Тепкісінде фашистердің езілген,
Бүкіл әлем жасын төккен көзінен,
Тілегі бір, жүрегі бір бізбенен
Қуат алган, Компартия, сөзіңнен.
ҚАРСЫ АЛДЫМ СЕНІ 156
Қағылғандай қас-қабақ,
Ашылғандай ақ тамақ,
Тынық күн, мөлдір көлімде
Ойнағандай ақ шабақ.
Емін-еркін бақыттың
Есігін ашты кең байтақ.
Жымыңдасып жұлдыз да
Көк күмбезде жайраңдап,
Саясында Сарыарқа
Елім еркін сайраңдап,
Жеңістің туын қолға алып,
Шаттанған елім той тойлап.
Кеншілер де көмірді
Тонналады мың-мыңдап.
Ақ егістен ауылым
Алды былтыр мың пұттап,
Жаңа жыл саған шашу қып,
Табысты тарттым не қымбат.
Қарсы алдым сені жаңа жыл,
Ырысы бол деп елімнің,
Ұлан-байтақ шалқыған
Құты бол деп жерімнің,
Жеңіске елді жеткізген
Жемісі бол деп ерімнің,
Үйрек ұшып, қаз қонған
Қаймағы бол деп көлімнің,
Күнде думан, күнде той
Шаттығы бол деп көңілдің!
ІЛИЯС ЕНДІ АҒЫТСЫН
ЖЫР ТИЕГІН 157
Қойнынан алтын атқан орда сәнді,
Күші сай атағына ісі мәнді,
Жеті қат жердің болат тұтқасындай
Алыпты әлем білед Қарағанды.
Ағыны дарияның тасқынындай,
Қара орда енші бөліп отауланды.
Әр отауы асқар тау аймағындай