Page 138 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 138

Салқын, самал  маған тең
                               Жанған   оттай,  ыстық  жаз.

                               Жасап  мекен,  жайлы  орын,
                               Құздың  бұзып  қамалын.
                               Аштым   күшпен  жер   қойнын,
                                Тең келеді маған кім?!






                                КӨРДІМ   ҰЛЫ  ЖЕҢІСТІ 154

                               Жеңіс  жырын   желдіре
                               Доскей  тағы  жырласын.
                               Пердесін  күйге  келтіре
                               Қолына  алып  құрдасын.
                                 Жауды қуған серпілте
                               Жырымды    ерлер  тыңдасын,
                               Атасының   жырымен
                               Ақ  алмасын  шыңдасын.
                               Ғасырға  толған  жасымда
                               Көрдім   ұлы  жеңісті.
                               Таттым  тағы   қайтадан
                               Жеңістен  шыққан   жемісті.
                               Ұраншы   болып  мен  шықтым
                               Көркейтуге  көп  істі.
                                Еселей беріп, селдетіп
                               Алтын,  көмір,  жез-мысты.
                               Колқасына   қол  салып,
                               Құртайық  фашист-немісті!






                                БОЛЬШЕВИК    БАТЫР 155

                          Батыр  туған  большевик  — ел  адамы,
                          Құтты  болсын  басқан  оның  қадамы,
                          Қарап  қылған  әлеуметті  фашистер
                          Қанын  төкті,  алды  бізден  жазаны.
                          Сынды  ошағы,   қирап  соғыс   қазаны,
                          Ұшыратқан   өртке  талай  қаланы,
                          Бейбіт  жатқан  қалың  елдің  қанымен
                          Суарған  ед  үлан  байтақ  даланы.
   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143