Page 137 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 137
Тұрар босаң қарасып,
Көр күшімнің ойнағын,
Шапсам саған жасанып,
Қайлам қалай ойнарын!
II
Басталды алыс шын майдан,
Кірді бұрғы үңгілеп,
Болат азу тас шайнап,
Астын кеулеп, тілгілеп.
Келді міне құлатқыш,
Жатыр әне сүргілеп.
Қолқасына қол салып,
Көмейіне сүңгілеп.
Күн шарт етті, жай түсті,
Қопарылды қара құз.
Қызды майдан, кім күшті,
Қызығына қараңыз.
Науасы тұр тербеліп,
Күңгір-күңгір күй тартып.
Әйткеншегі теңселіп,
Билейді би, жыр айтып.
Бұлшығы балғын білекпен,
Шығарып забой дал-далын.
Олжам көмір күрекпен
Қоси-қоси салғаным.
Көмір, болат көк сауыт
Соғады, мен білемін.
Шапқан сайын күш жанып,
Шабыт тілеп сүйемін.
Ол болатпен бауырым,
Қан майданға кірмей ме?!
— Аға соққан қаруым, —
Деп те жауға тимей ме?!
Сондықтан мен білем бе,
Көктің сүргін дауылын?
Елеп көзге ілем бе,
Долы бұршақ жауынын?
Уайым ба, тоңам деп,
Ақ түтек, қатты аяз,