Page 136 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 136

БАТЫР   ҰЛЫМА  152
                                  Атылған  октан  аспан  көк
                                  Құлағандай  жалп   етіп,
                                 Жер   қозғалып  дірілдегь
                                 Айырылғандай    шарт  етіп.

                                 Осындай   зор  майданның
                                  Қаһарманы,   қарағым,
                                 Фашист — зұлым айуанның
                                 Көзіне  оқ  қададың.
                                 Сұрапыл   талай  соғыстың
                                 Күттің  әуел  ақырын,
                                 Арыстандай   алыстың
                                 Сайып   қыран  батырым.
                                 Қазақтан  туып,   қарағым,
                                 Қаһарман   батыр  аталдың.
                                 Құтты  болсын   қадамың!
                                 Әндетіп  мен  де  шаттандым





                                   БІЛЕКТІ  БАЛАП  КӨКТЕ
                                          АЙҒА  159
                                              I

                                 Білекті  балап  көкте  айға,
                                 Арнаулы   сауыт  кидім  де,
                                 Қос  жебелі  сұр   қайла
                                 Шыңдап   жанып   ілдім  де.
                                 Шыңырау,    тік  шахтаның
                                 Жеттім  терең  түбіне.
                                   Қара жартас қатпардың,
                                 Қарап  суық  түріне.

                                 Зіл  тастадым,  тіл   қаттым,
                                 Керек  пе  деп  шабыспақ.
                                    Түнересің, қатусың,
                                 Тілеймісің  алыспақ.

                                 Илікпесті  и  қылып,
                                 Монтаны   еттім  көбесті.
                                 Құзды  өзіндей  құм  қылып,
                                 Шүлен   еттім  берместі!
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141