Page 135 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 135

Бастаған  күшті  әскерін,
                         Алысып   жеңіп  дұшпанның
                         Басын  күлге  көмді  ғой.
                         Атадан  туған  адал   ұл
                         Отанын   жаудан   қорғады,
                         Зұлымдық   еткен  залымның
                         Ойлағаны   болмады.
                         Жауған  оқ,  жанған  сол  өрттің
                         Ішінде  болды  Зекенің,
                         Көрсетіп  кетті  халқына,
                         Адал  ұл  нағыз  екенін.
                         Шаһитлік  жолы   нәсіп  боп,
                         Жаннаттан   етсін  бір  алла
                         Бақилық   жай  мекенін.
                         Ажал   біреу  өлді,
                         Отырса  да  үйінде.
                         Отанын   қорғап  халқы  үшін,
                         Зекендей  болып  талай  жас
                         Шыққан   жоқ  па  бүйірге?
                         Көппен  көрген—ұ лы   той,
                         Хұсайын   мырза,  сабыр  қыл,
                         Егіле  берме,  күйінбе!








                                         ЖАС  БАТЫР 151
                         Анау  кім,  жүрген  ойнап  жап-жас   құлын?
                         Көмірден  жем   басарын  жазбас  құлын.
                         ФЗУ-даи   тәрбие  алып,  оқып  шыққан,
                         Білмесең — Әуесбай   ғой  мұнан  бұрын.

                         Атанның   жүгін  тартқан  бұл  бір  тайлақ,
                         Менде  деп  ендігі  жүк,  ауыр  салмақ.
                         Көмірдің  көбесінен   ұрғанында,
                         Тимейді  болат  қару  жазым  тайғақ.

                         Ел  ырза  еңбегіне  еңбекте  асқан.
                         Ел  күткен  игілікті  іс  мұндай  жастан.
                         Еліне  мол  жемісті  жастар  беред,
                         Жоқтатпай   үлкендердің  орнын  басқан.

                         Тұлпардай   құлынында    желгеніңе,
                          Көмірді  майданға  арнап  бергеніне,
                         Шашуы    Көшен  ағаң  алтын  жыры,
                         Жалындап    күнде  үдеген  еңбегіне.
   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140