Page 9 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 9
Төренің, сары ала шен меншігіне
Нілдінің айналды ғой кең даласы,—
деген жолдармен басталады. Ал, Нілді жерін ең алғаш компания-
ға сатушы Боздақов Қарабақсы екендігін дәлелдейтін тарихи анық-
10
тама бар . Бұдан былай Нілді жерін «өз мекенім, өз жерім» деп
айтудан қалған халық осы өлеңнің соңғы шумағында өз басының
мұңын былай баяндайды:
Өскен жан бауырыңда көзі жасты,
Қам көңіл қапаланып қайғы басты.
Қолында қайла, күрек балғасы бар
Қопарып құлатады тау мен тасты.
Бұл ғасырлар бойы жайылған ата мекенін тастап, күн көрудің
қамымен кетіп, өмірден тиянақ таппай торыққан халықтың мұңы.
Ауыр өмір азабына көнбіс халықтың арзанға түсетін мол кү-
шін пайдаланып, мол пайдаға белшесінен батуға болатын қазына-
лы қазақ даласына батыс Европа империалистерінін де назары
ауа бастады.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезінде ағылшын және
француз капиталистері Қарағанды маңына Нельсон Фелл,
Миссинг, Де-Кателен сияқты инженер тыңшыларын жіберіп, шол-
ғыншылық жұмыстар жүргізді. 1901 жылы француз монополисте-
рінің жалдамалы адамдарының бірі барон Де-Кателен өзінің шет-
елдік қожайындарына: «Қырғыздардың (қазақтардың - Д. Ш.)
арасында қайшылықтар өте көп... Шахталарда жұмыс істейтіндер
де - сол қырғыздар. Өздері еңбекақыны аз тілейтін және айтқа-
1
ныңды бұлжытпай орындайтын момын жұмысшылар» ', - деп ха-
барлады. XX ғасырдың басында Қарағандының көмірі, Успенскінің
рудасы, Спасскінің мыс қорытатын заводы француз, ағылшын капи-
талистерінің қолына көшті. Жезқазған американ монопалистерінің
меншігіне айналды. Өйткені В. И. Ленин айтқандай, шетел импе-
риалистері үшін: «Мұндай артта қалған елдерде әдетте пайда мол
келеді, өйткені оларда капитал аз, жердің бағасы басқаларға қа-
рағанда онша көтеріңкі емес, жалақы төмен, шикі материалдар
12
арзан» .
Шетел капиталы кіре бастаған бұл қарсаңда қазақ ауылында
да тап жігі тереңірек ашыла түсті. «Үзім нан мен ескі-құсқылары
13
үшін байлардың барлық жұмыстарын істеп берді» . Осындай ауыл
өмірінен көңілі торығып, күн көруден күдерін үзген кедейлер руд-
ник, шахта, заводтарға шұбырды. Екібастұзда 16-17 жасынан осы
күнге дейін жұмысшылықпен өмірін өткізіп келе жатқан жетпіс
екі жастағы қарт кенші Жақсыбай Мұқашев сол дәуірді есіне ала
келіп былай дейді:
«Менің 16-17 жастағы кезім... Әкем екеуіміз Екібастұзға
10 Қазақстан Орталық архив бөлімінің фондысы. № 9, 140-іс, 22-23-беттер.
11
Д е-К а т е л е н. Очерки исследования рудных владений. Киев, 1901. стр. 31.
12 В. И. Л е н и н. Шығармалар, 22-том, 252-бет.
13 Россия, біздің Отанымыздың толық сипаттамасы. XVIII том. СПб., 1903,
211-беттер.