Page 134 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 134
Жау қаны өзен болып ақсын сайға.
Қаһарман қызыл ерлер қаруланса,
Қаруланар әке мен ағатай да.
Шахтаға осыны айтып, кетті түсіп,
Көмірге қатуланып, соқты қайла.
Еңбегі бұрқылдады өрттей жанып,
Күш қосып, күш үстіне жанын салып.
Мария таңырқатты барлық жұртты,
Халқына сүйкімді боп ардақталып.
Көмірді көбейте бер, Марияжан,
Еселеп үсті-үстіне бұрынғыдан.
Аяма бар күшіңді, кешікпей-ақ
Жау жаны жай табады жаһаннамнан!
ХҰСАЙЫНҒА 150
(Жәкішев Пұшпақтың Зекен деген баласы майданда
қайтыс болғанда Салқымбаев Хұсайынға айтқан көңілі)
Хұсайын мырза, сөз тыңда
Бір азырақ жырлайық.
«Алладан» болған ақ іске.
Пәнделік қарсылық қылмайық.
Болған іске болат бол,
Майысып бекер сынбайық.
Тал түсте айың батқандай,
Алладан болған ақ әмір
Болды саған лайық,
Сабыр етіп ақылмен,
Бекіт дене-бойыңды.
Қараңғылық қайғыға
Жібере берме ойыңды.
Алдырсаң бойың қайғыға,
Қалжырап, қажып жүдейсің.
Көтергендей сонша ауыр
Бес баттамдай шойынды.
Қайғы деген қара су
Батырады тереңге.
Балқи берсең еріліп,
Қуатың қалмас денеңде.
Аңқау жатқан ауылға
Таянып жау төнді ғой.
Әділдікке алла жәрдем боп,
Қуалаған өрт сөнді ғой.
Аттанған біздің маршалдар