Page 133 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 133
Мынау жауды бас салған.
Ендігі айтар бір сөзім:
Қарғысы атсын халықтың
Жетесіз кейбір адамды —
Адамдық хақын атқармай
Еңбектен де_ бос қалған.
Қарағанды алыбым,
Қарайды саған халығың,
Бір тонна көмір кем берсең,
Қалмайды менің сабырым.
Сыйласаң ақын атаңды,
Шахтерлер, қорға Отанды!
Жен десең жауды көмір бер,
Берейін арнап батамды.
Қорламасаң анаңды,
Ойласаң бөбек-балаңыз,
Жеңуге жауды көмір бер!
Көмірмен жауды көміңдер!
МАРИЯ КОМСОМОЛКА,
АЙНАЛ АЙЫН 149
Мария комсомолка, айналайын,
Жайдары жарқын жүзді шолпан-айым.
Әкесі Арыстанбай Марияны
Өсірді сылап-сипап тұйғындайын.
Жұлдызым, маған ыстық жанымсың ғой,
Бауырым,—деп сүйетін, — күн мен айым
Ағасы Асылбекті есейген соң,
Мария, дейтін еді ағатайым.
О дағы еркелетіп Марияны,
Өсірді сылап-сипап бұлаңдайын.
Бір күні әкесімен кетті бауыры,
Майданның соққан кезде қара дауылы.
Комсомол атын ақтау — ісі ардақты,
Салмақты түсті өзіне жүк ауыры.
Кек кернеп, ыза қайнап сыймай бойға,
Әкесін ағасымен алып ойға.
Кешегі еркелеткен ерке тайдай,
«Ай-күнім, сәулем» деген сөзі қайда?
Ендеше жаным сүйген Отаныма
Септігім бір тимесе осындайда,
Үміті менен күткен бос емес пе?
Еңбекпен келтірейін елге пайда.
Көмірді көбейтейін қару жасап,
133